Елбасы Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшыларына тікелей желіде қамтылмаған халық сауалдарына жауап беруді тапсырды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке және барлық мемлекеттік органдардың басшыларына тікелей желі бойынша келіп түскен халықтың сауалдарына толық жауап беріп, оларды еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіп, жариялауды тапсырды.
Президент бұл тапсырманы бүгін тікелей желіде қазақстандықтардың сауалына жауап беріп болғаннан кейін берді.
«Мен Үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, барлық облыстардың, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне келіп түскен сауалдарды түгелдей қамтып, оларға жауап беруді тапсырамын», деді Н. Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздегі басты ұлттық телеарналарға және басқа да телеарналарға жылдың соңына дейін экрандарында министрлермен, олардың орынбасарларымен, әкімдермен қойылған сауалдарға қатысты эфирлер ұйымдастыруды ұсынды. «Олар да мен сияқты қалған сұрақтарға жауап берсін», деді Президент. Н. Назарбаев сондай-ақ еліміздің негізгі басылымдары «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттеріне және басқа да газеттерге бұл мәселені мұқият қадағалап, сұрақтардың жауабын жариялауды ұсынды. «Осылайша біз барлық мәселелерді қамтып, оларға жауап беруге тырысамыз», деді Елбасы.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |