Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > > Қараша > Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға күш салып отыр. Бұл туралы қарашаның 17-сі күні  Астанада Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында журналистермен сұхбаттасқан Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, Түркияда шағын және орта бизнес жақсы дамыған. Сонымен қатар ондағы технопарктердің де әлеуеті өте зор. Нәтижесінде Түркия елі бүгінгідей мықты мемлекетке айналып отыр. «Бізге қазір осы мемлекетпен көптеген салалар бойынша ынтымақтасқан тиімді. Нақтырақ айтсақ, бізге ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында бірлесіп қызмет ету өте маңызды. Өйткені Түркия ауыл шаруашылығына қажетті барлық техникаларды шығарады. Сондай-ақ ұннан жасалатын өнімдерді де жақсы өндіріп отыр. Біз бүгінде бұл елмен негізінен құрылыс саласы бойынша ынтымақтасып отырмыз. Түркияның ең ірі деген құрылыс компаниялары елімізде жұмыс істеуде. Ал басқа салалардағы бірлескен қимылдар сылбыр. Сондықтан да біз бүгін екі ел арасындағы тауар айналымын қалайша арттырсақ деген мәселе төңірегінде пікір алмастық» деді министр. Оның сөзіне қарағанда, түркиялықтар Қазақстанға өз елдерінің

5 ең үздік деген бизнесменімен бірге келген. Олар Қазақстан экономикасына инвестиция салмақ. «Осыған қарай біз комиссия өкілдеріне екіжақты тиімді болып табылатын барлық мүмкіндіктерді бүге-шігесіне дейін қарастыруда тапсырдық», деді Т.Досмұхамбетов.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП
Corporate LEADERS


Ресурстар

Мұрағат

<<< Қыркүйек  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

www.nu.edu.kz

Astana Almaty