«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша алғашқы 30 пәтер тапсырылды
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова алыстан келген ағайындарға үйдің кілтін өз қолымен табыс етті.
Қарашаның 18-і күні Ақмола облысы орталығына іргелес орналасқан Красный яр ауылында «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында 30 оралман отбасыларына жаңа пәтер кілттері табысталды.
Алыстан келген ағайындарға жайлы пәтер кілттерін салтанатты жағдайда тапсырған ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, бұл үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес шешімін тауып отырған игілікті шара. Оған бюджеттен 1 миллиард 266 миллион теңге қаржы қарастырылған болатын. Енді міне, бағдарламаға сәйкес 138 қос пәтерлі үйлер бой түзеген. Мұнда қора-қопсы, бау-бақшалық жер телімі ескерілген. Үйлерге орталықтандырылған су жеткізіп беру ісін жүзеге асырған «Көкшетау су арнасы» мемлекеттік мекеме басшысы Бақытжан Ахметовтың мәлімдеуінше, ұзындығы 1 200 метрлік су құбырын тартуға бюджеттен 11,5 миллион теңге қаржы қарастырылып, қысқа мерзімде шешімін тапқан. Тұрғын үйлерді «Көкшетау құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі небәрі бес айда бітіріп отыр. Көше бойына қатты жамылғылы жол төселіп, жарықтандырылған. Министрдің айтуынша, бұл жарқын бастама келер жылы да жалғасын тауып, Елбасының тапсырмасына орай ағайындарымыздың ортамызға оралуына мүмкіндік жасалатын болады. Өз кезегінде облыс әкімі Альберт Рау мен «Сарыарқа» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Берік Камалиев несиені төлеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету, білім және мәдениет ошақтарымен қамтып, олардың жұмысы ойдағыдай болуына қолдау көрсететіндіктерін білдірді.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |