ҚР Мемлекеттік хатшысы -Сыртқы істер министрі Еуропалық Кеңестің ПА төрағасы Мевлют Чавушоғлымен кездесті
Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақтың Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері сөз болды.
Наурыздың 15-і күні Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Астанаға екі күндік сапармен келген Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғлымен кездесті.
Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдрахманов мәлім етті.
Қазақстан парламенті мен Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы 2004 жылы алғаш рет әріптестік туралы келісімге қол жеткізген болатын. Бүгін сонда жасалған арнайы келісім аясындағы Қазақстан мен Еуропалық Одақтың Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері сөз болды. Сонымен қатар еліміздің аталмыш ұйыммен барлық салалар бойынша бірлесіп қызмет ету жұмыстарына қатысты жәйттері талқыланды.
«Қазақстан ЕҚЫҰ қызметіне бұдан да белсенді ұстанымдармен араласуы қажет. Сонымен қатар демократияны дамыту бағдарламасының іске асырылуына күш салуы тиіс. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде бірқатар Еуропа мемлекеттеріне жақсы үлгі көрсете білді. Сіздердің елдеріңіз еуропалық құндылықтарға, сондай-ақ ұйымның дамуына өзінің елеулі үлесін қоса алатындай әлеуетке ие», дейді М. Чавушоғлы.
Мәртебелі қонақ ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің келесі жаңа саммитін Астанада ұйымдастыру жөніндегі Қазақстанның ұсынысын қолдайтынын және оның маңыздылығын атап көрсетті.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | |||
| 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
| 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
| 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |