ҚР Вице-премьері-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Бахрейн Корольдігі премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Азия Ислам Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы Абдалла Хасан Сеиф бастаған делегациямен кездесті
Наурыздың 16-ында ҚР Вице-премьері-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Бахрейн Корольдігі премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Азия Ислам Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы Абдалла Хасан Сеиф бастаған делегациямен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге қазақстандық тараптан министрліктің бірқатар жауапты қызметкерлері де қатысты.
«Қазақстан ТМД мен Кедендік одақ аумағы бойынша исламдық банктік істері жөніндегі негізгі «терезеге» айналғысы келеді. Біз бұл бағытта алғашқылардың бірі болып заңнаманы жетілдірдік, исламдық банктің елімізде қызмет етуі үшін арнайы заңды да бірінші болып қабылдадық әрі Қазақстанда осындай банктердің елімізде ашылуы үшін белсенді жұмысқа кірісіп отыр», деді кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерхат Есқалиев. Оның айтуынша, жүздесу барысында Бахрейн инвесторлары үшін қызығушылық туғызған экономика секторларына қатысты мәселелер талқыланған. Бұл ретте қолданыстағы жобалармен қатар Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберіндегі жобаларға қызығушылық таныту да әңгімеге арқау болған. Сонымен бірге, Вице-министр бахрейндік кәсіпкер-мамандар тарапынан әсіресе еліміздің азық-түлік өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарға қызығушылық танытылғанын жеткізді.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | |||
| 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
| 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
| 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |