Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Үкімет > 2008 > Мамыр > Үкіметте Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Үкіметте Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Ағымдағы жылы инфляцияны ауыздықтауға байланысты жұмыстар жалғасатын болады.

Бұл туралы мамырдың 19-ы күні Үкіметте Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда инфляция деңгейі - 2,5 пайыз болды. Қазақстанмен экономика құрылымы ұқсас елдерге қарағанда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Мысалы, осы жылдың бірінші тоқсанында Латвияда инфляция 5,7 пайыз, Болгарияда 3,5 пайыз деңгейге шыққан. ТМД бойынша инфляция деңгейі ең төмен ел - Қазақстан екендігін жеткізген министр, Ресейде 2007 жылдың желтоқсан айы мен 2008 жылдың наурыз айын салыстырғанда инфляция деңгейі 4,8 пайызға, Украинада 9,7 пайызға, Әзірбайжанда 8 пайызға, Қырғызстанда 6,1 пайызға және Беларус пен Молдовада 4,1 пайызға жеткенін айтып өтті.

Отырыс барысында биылғы жылдың наурыз айында Қазақстанда 2008-2009 жылдарға арналған инфляциялық үрдістерді қадағалауға байланысты іс-шаралар жоспары бекітілгенін жеткізген Б. Сұлтанов: «Үкімет бәсекелестікті дамытуға, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіруге, Табиғи монополиялар субъектілеріндегі тарифтерді тұрақтандыруға бағытталған шараларды атқаратын болады», деді.

Ағымдағы жылы Қазақстанда көкөніс және жеміс-жидек өсіретін 60 жылыжай кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

Ағымдағы жылы салынатын 50 жылыжай мен парниктердің құрылысы несиелендірілгенін жеткізген министр, мұнымен қоса Аграрлық несие корпорациясы есебінен 4 ірі жылыжай салу жоспарланып отырғандығын айтты. Сондай-ақ қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 2 жылыжай кешені құрылғанын және тағы төрт жобаның құрылысы қарастырылып жатқанын жеткізді.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS