Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елорданың 10 жылдығынай орай пайдалануға берілуі жоспарланып отырған бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен бірге елорданың 10 жылдығынай орай пайдалануға берілуі жоспарланып отырған бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты.
К. Мәсімов алдымен салынып жатқан 30 000 орындық футбол стадионында болды. Құрылысшылар шілденің 6-сына дейін нысанның құрылысын аяқтауға уәде берді. Ал кішігірім жұмыстар мерекеден кейін бітіріледі.
600 орындық 6 корт пен 2500 орындық орталық корттан тұратын теннис стадионының құрылысы да аяқталудың аз-ақ алдында тұр. Құрылысты жүргізуші «Найза құрылыс» концернінің басқарма төрағасы Игілік Жалбыровтың айтуынша, «үш күннен кейін төңірек толық абаттандырылады».
Премьер-Министр сондай-ақ 3100 орындық жаңа Конгресс-Холл ғимараты мен «Қазақ елі» монументіне де ат басын тіреді. «Конгресс-Холл» жобасының менеджері Расим Каяның сөзіне қарағанда, 2008 жылдың басында басталып, 2 жылға жоспарланған бұл ғимараттың құрылысы жарты жылдың ішінде толық аяқталады. Ал монумент уәде етілген мерзімде пайдалануға беріледі.
Үкімет басшысы аралаған нысандардың қатарында Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғимараты, «Халықаралық сауда орталығы» көрме кешені, республикалық Нейрохирургия орталығы, республикалық диагностикалық орталық, Орынбор және Сығанақ көшелерінің қиылысындағы, сондай-ақ Республика даңғылы мен Бараев көшесінің қиылысындағы жолайрықтар, «Солтүстік шұғыласы» және «Гранд Алатау» тұрғын үй кешендері бар.
Елорданың 10 жылдығы қарсаңында 23 құрылыс нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Маусымның 11-інде елордадағы құрылыс нысандарын аралау барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Нейрохирургия орталығында болды. 160 орындық республикалық Нейрохирургия орталығы өзінің алғашқы пациенттерін шілденің 20-сына қарай қабылдай бастайды. Қазір орталық ашылуға дайындалуда.
«Бұл Орталық Азиядағы осы деңгейдегі жалғыз нысан, ең заманауи жабдықтармен жарақталған бұл орталықта нейрохирургиялық патологиялары бар сырқаттарға көмек көрсететін жаңа технологиялар бар. Мұнда бас және жұлын миына бірегей операциялар жасалынатын болады», деді журналистерге сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой. Министрдің айтуынша, орталық мамандары АҚШ, Израиль және Ресейдің үздік емханаларында тәжірибеден өтіп қайтқан.
Пациенттер орталыққа республикалық квота бойынша қабылданады. «Миында қатерлі ісіктер анықталған, күрделі патологиялары бар сырқаттардың негізі бұрын шетелдерге емдеуге жіберілетін», дейді республиканың бас дәрігері өз сөзінде. Бұл орталық, Астанада құрылып жатқан медициналық кластердің басқа да нысандарымен қоса, Үкімет қаулысымен құрылып отырған медициналық холдингке кіретін болады.
Министр хабарлағандай, «кеше Үкіметте холдинг директорларының құрамы, холдинг басшылығы бекітілді, қазір олар ұйымдастыру мәселелерін шешуде. Оның ішінде, халықаралық технологияларды көбірек тарту, жұмыс тиімділігін арттыру, тәжірибелі мамандар жасақтау үшін жекелеген ғылыми орталықтарды сенімді басқаруға беру мүмкіндігі туралы мәселе де қарастырылуда. Холдингтің директорлар кеңесін еліміздің вице-премьері Ербол Орынбаев басқарады», деп хабарлады А.Дерновой.
Естеріңізге сала кетейік, холдингті құрудағы мақсат – жоғары білікті көмек көрсету, мамандарды оқыту және қайта дайындау, сондай-ақ қызмет сапасын көтеру үшін барынша оңтайлы жағдай жасау болып табылады. Аталмыш холдингтің жайғастырылып жатқан акцияларының ақысына кластердің 6 нысаны мен Қазақтың Мемлекеттік медициналық академиясы берілетін болады.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |