Елбасының Францияға ресми сапары аясында өткен Қазақстан-Франция бизнес форумында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б. Сұлтанов, Көлік және коммуникация министрі С. Ахметов сөз сөйледі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары аясында маусымның 11-інде Парижде Қазақстан-Франция бизнес форумы өтті.
Шараны Қазақстан тарапы Францияның «МЕДЕФ» Кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл шара екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дәйекті дамуындағы маңызды кезең болды, бірлескен инновациялық өндірістер құру үшін жаңа перспективалар ашты, француздық инвесторлардың Қазақстан экономикасына сенімін нығайтты. Форум жұмысына жүзден астам қазақстандық және француздық кәсіпкерлер қатысты. Олар жүргізген келіссөздер барасында машина жасау, телекоммуникация, көлік, өңірлер мен ірі қалаларды инфрақұрылымдық жағынан дамыту, энергетика, құрылыс салаларында ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағадаластық жасалды.
Сондай-ақ компаниялар ғарыш, туризм, банк бизнесі және басқа салалардағы бірлескен жобаларды дамытатын болып келісті.
Онда Францияның жетекші компаниялары мен кәсіпкерлеріне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Форумда ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б. Сұлтанов, Көлік және коммуникация министрі С. Ахметов, ҚР Президентінің көмекшісі Ә. Исекешев, Францияның сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы А. Идрак сөз сөйледі. Бизнес форумның аясында Қазақстан мен Франция компаниялары арасында 9 келісімге қол қойылды. Олардың ішінде ҚР Үкіметі мен ФР Үкіметі арасында Іскерлер кеңесін құру туралы келісім, «Самұрық» холдингі мен «Талес» компаниясы арасында Әскери және азаматтық электроника саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы келіссөз, «ҚазАтомПром» компаниясы мен Францияның «Арева» корпорациясы арасында Қазақстанда уранды өндіру көлемін арттыру туралы келісімдер бар. ҚР Президентінің көмекшісі Ә. Исекешевтің айтуынша, бүгінгі күнде Франция экономикасының көш басшылары Қазақстанға инвестиция салуға құлшынып отыр. Осы орайда олар біздің елде жаңа жоғары технологиялық өндірістер құруға ниет танытуда.
«Бүгінгі форумда француздың жетекші компанияларымен бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл олардың Қазақстан экономикасына инвестиция салуға ықыластылығын көрсетеді. Сондай-ақ бұл зор табыс және Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалының айғағы», деді ол.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |