«Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР вице-премьері Ө. Шөкеев елдегі экономикалық-әлеуметтік бағыттардың негізгі мәселелері бойынша баяндама жасады
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында еліміздегі жалпы ішкі өнім өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 4,7 пайызды құраған. Сонымен бірге биыл экономиканың барлық саласында оң үрдіс байқалады. Маусымның 19-ында Парламент Мәжілісінде өткен «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, республикамызда қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өндірісінің ауқымы 4 триллион 240 млрд. теңгеге жеткен. Ал ауыл шаруашылығындағы ішкі өнім өткен жылғы салыстырмалы кезеңмен алып қарағанда 3,9 пайызға өскен. «Сонымен бірге елдегі құрылыс жұмыстарының ауқымы да 9 пайызға артты. Ал тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция өткен жылғы кезеңмен салыстыра қарағанда 22 пайызға көтерілді», деді Ө. Шөкеев.
Жаңа Конституцияға сәйкес Үкімет ең алдымен Парламенттің алдында есеп береді. Осыған орай фракцияның маусымның 19-ы күнгі кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ө. Шөкеев бастаған Үкімет мүшелері елдегі экономикалық-әлеуметтік бағыттардың негізгі мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Атап айтқанда осы жиында «Нұр Отан» ХДП тұғырнамасын іске асыруды қаржыландыру шаралары, партия жүктеген міндеттерді стратегиялық жоспарларға енгізу мәселелері талқыланды.
«Қазақстанның Даму банкі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Алдағы уақытта Даму институттарының жұмыстарын белсендіре түсу үшін Үкімет барлық шараларды қамтитын болады. Осы бағытта
нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіру, қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасады. Мысалы, жақын аралықта
Парламентке «Қазақстанның Даму банкі туралы» заңға өзгерістер енгізілген жоба ұсынылмақ. Мұнда негізінен банктің шикізаттық емес сектор өндірісіндегі айналым капиталдарын қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылады», деді Ө. Шөкеев.
Вице-премьердің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Даму банкі айналым капиталдарын қаржыландыра алмайтын болып отыр. «Осыған орай бүгінгі жағдайда айналым қаржыларын толықтырудың өзектілігіне назар аудару қажет», деген Ө. Шөкеев депутаттардан бұл жобаны қолдауды сұрады.
Тұрғын үй құрылысының үлескерлері туралы заң жобасында аталған нарыққа қатысушыларға қатаң талаптар қойылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен «Нұр Отан» ХДП фракциясының
кеңейтілген отырысында ҚР Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
Вице-премьердің айтуынша, бүгінгі күні елордаданың құрылыс алаңдарындағы 50 мыңға жуық пәтер саудаға шығарылған. Мұның 25 мыңының бағасы үлескерлер тарапынан толық төленген. Ал 7 мыңға жуық пәтер «Қазына» даму қоры арқылы қаржыландырылса, 6 мың пәтер әкімдік, 2 мың пәтер ұлттық компаниялар арқылы сатылатын болды.
«Яғни, 50 мыңға жуық пәтердің 40 мыңға жуығының ақшасы төленген деуге болады. Ендігі күні «даулы» пәтерлердің мәселесі қаралғанда қосымша 2 мың пәтердің қаражатын төлеуге дайынбыз. Сонда жалпы 42 мың пәтер сатылып, қалған 8 мыңға жуық пәтер үлескерлер нарығында болады. Біз бұндай нарықтың тиісті деңгейде жұмыс атқарып кететініне сенімдіміз», деді Ө. Шөкеев.
Сонымен бірге, алдағы уақытта Парламентке түрғын үй құрылысына қатысушылардың құқын қорғайтын заң жобасы түсетінін айтқан Вице-премьер, құжат бойынша аталған нарыққа енгісі келетіндер үшін қатаң талаптар қойылатынын атап өтті.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |