Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Үкімет > 2008 > Шілде > Ташкентте ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Рустам Әзімовпен кездесті

Ташкентте ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Рустам Әзімовпен кездесті

Ташкентте ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Рустам Әзімовпен кездесті.

Кездесуде ОҚО тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету және еркін сауда аумағын құру сияқты мәселелерді талқыланды.

«Орталық Азия өңірі, оның тіршілілігі, тұрақтылығы біздің ынтымақтастығымызға тәуелді», - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Қазақстандық делегация құрамында – Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев, Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова, ҚМГ президенті Серік Бүркітбаев, ОҚО әкімі Нұрғали Әшімов, ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков бар.

Өзбек тарапынан кездесуге сыртқы экономикалық байланыс, индустрия және сауда, ауыл және су шаруашылықтары министрліктерінің, «Өзбекмұнайгаз» ҰХК-ның, мемлекеттік кеден комитетінің басшылары және тағы басқалар қатысуда.

Бұған дейін хабарланғандай, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 63,3 пайызға артып, 1 млрд. 410 млн. долларды құрады.
Қазақстан - Өзбекстанның Ресейден кейінгі екінші сауда әріптесі.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS