Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Үкімет > 2008 > Шілде > Вице-премьер Өмірзақ Шөкеев Шымкентте облыстың күзгі-қысқы маусымға әзірлігіне арналған кеңес өткізді

Вице-премьер Өмірзақ Шөкеев Шымкентте облыстың күзгі-қысқы маусымға әзірлігіне арналған кеңес өткізді

Вице-премьер Өмірзақ Шөкеев Шымкентте облыстың күзгі-қысқы маусымға әзірлігіне арналған кеңес өткізді.

Электр және жылу энергиясын өндірумен, ыстық сумен жабдықтаумен айналысатын «3-Энергоорталық» АҚ басшылығының жеңілдікті бағамен - 1 тонна үшін 20 000 теңгеден – мазут алу туралы Үкіметке өтінішіне жауап берген Ө.Шөкеев, рынокта ондай бағаның жоқтығын, мазуттың қазіргі бағасы 45-60 мың теңге екенін атап өтті. Дегенмен, кәсіпорындар үшін мазуттың тоннасы 25 000 мен 45 мыңның аралығындағы баға дәлізін анықтау керек, деп атап көрсетті.

Вице-премьердің аталмыш кәсіпорынға сапары кезінде тарифті көтеру мәселесі де сөз болды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов Ө.Шөкеевке, «қазір аталмыш кәсіпорынның тарифті 30 пайызға көтеруге өтініш беріп отырғанын, бірақ мазут тек қыздыру үшін ғана пайдаланылып, негізгі тұтыну көзі – газ болатындығына байланысты тарифтің 10 пайыз шамасында ғана көтерілетінін» айтты. Агенттік басшысы сондай-ақ электр қуаты үшін сараланған тарифті енгізу мүмкіндігі туралы мәселелерді қарау керектігіне тоқталып өтті.

«Сонда олардың электр қуатын үнемдеулеріне ынта болады», деді ол өз сөзінде. Вице-премьер кеңес барысында облыстың энергетика секторындағы барлық проблемалық мәселелерін тыңдады.

Ө.Шөкеев аймақтардың алдағы жылу беру маусымына әзірлігін тексеру мақсатында бірқатар облыстарда болады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS