Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Үкімет > 2008 > Шілде > Шілденің 9-ында Алматы-Қапшағай автожолының 42-ші шақырымы тұсында «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырының құрылысы басталды

Шілденің 9-ында Алматы-Қапшағай автожолының 42-ші шақырымы тұсында «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырының құрылысы басталды

Салтанаты рәсімге ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрi Сауат Мыңбаев бастаған үкімет мүшелері мен «Самұрық» мемлекеттік холдингінің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, «AGP» (Азиялық газ құбыры) компаниясының және Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының (CNPC) өкілдері қатысты.

Шілденің 9-ында Алматы-Қапшағай автожолының 42-ші шақырымы тұсында «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырының құрылысы басталды.

Алғашқы дәнекерлеу жұмысын Қазақстан тарапынан «КазҚұрлысСервис» АҚ-ның, Қытай Халық Республикасы тарапынан CPPE (China Petroleum Pipeline Engineering) корпорациясының мамандары атқарды. Салтанаты рәсімге ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрi Сауат Мыңбаев бастаған үкімет мүшелері мен «Самұрық» мемлекеттік холдингінің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, «AGP» (Азиялық газ құбыры) компаниясының және Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының (CNPC) өкілдері қатысты.

«КазҚұрлысСервис» компаниясының Бас директоры Карстен Триммердің айтуынша, әлемдегі ірі магистралды газ құбыры болып саналатын бұл желінің құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол елдің оңтүстік өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің дамуына қозғау салмақ. Бұл құбыр табиғи газды Түрікменстанның кен орнынан Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдайтын «Орталық Азия» (CAGP) газ магистралі құрылысы жобасының бір бөлігі болып табылады. «Қазақстан — Қытай» газ құбыры диаметрі 1067 мм, жалпы ұзындығы 1304,5 шақырым болатын қос құбырлы жүйеден тұрады. Қазақстандық бөлігі өзбек-қазақ шекарасынан бастау алатын газ желісі Қазақстан аумағы арқылы 650 шақырымға тартылып, Қазақстан-Қытай шекарасындағы Хоргос ауданында тұйықталады. «Қазақстан — Қытай» газ құбыры Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарын газдандыруға және тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Құрылыстың аяқталуы мен газдың босатылуы 2010 жылдың маусымына жоспарланып отыр. Газ құбырының алғашқы кезектегі өткізу мүмкіндігі жылына 4,5 миллиард текше метр болмақшы.
Кейін құбыр желісінің екінші желісі мен жеті айдау станциясы пайдаланылуға берілген кезде газ айдау көлемі ұлғая түспек. Мысалы, 2013 жылы 40 миллиард текше метрге дейін газ тасымалданбақ. Оның 30 миллиарды Қытайға, ал 10 миллиарды Қазақстанға тиесілі.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS