ШЫҰ мүше елдер Үкіметінің арасындағы келісім негізінде өткен оқушылар арасындағы информатика пәні бойынша I-ші Еуразиялық олимпиадаға қатысушылар алдында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев сөз сөйледі
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Үкіметінің арасындағы келісімге негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетімен бірлесе отырып, оқушылар арасында информатика пәні бойынша I-ші Еуразиялық олимпиада өткізуде.
Олимпиадаға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев жас еуразиялықтар арасындағы интеллектуалдық олимпиаданың білім беру жүйесі қызметі аясын ұлғайтуға және ақпараттық технологиялар саласында сапалы деңгейде дайындауға кең көлемде оқушыларды ынталандыруға ықпал ететін алғашқы инновациялық жоба екенін атап өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымы, ақпараттық технологиялар мен компьютерлік үлгілеу саласында талантты жастарды анықтау. Атап өтетін жайт, білім сайысы еліміздің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орны - Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің 75 жылдық мерейтойы шеңберінде өткізіліп отыр.
Екі күн бойы 30-дан астам команда Бірінші Еуразиялық Олимпиада жеңімпазы атағына таласады.
Қазылар алқасының құрамына ақпараттық технологиялар саласындағы отандық көрнекті ғалымдар мен Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелері енген.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |