Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Үкімет > 2010 > Ақпан > ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында сөз алған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов іскерлік климатты жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді жоюдың сатылап жүргізілетіндігін айтты

ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында сөз алған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов іскерлік климатты жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді жоюдың сатылап жүргізілетіндігін айтты

2010 жылдың алғашқы екі айында Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің өсімі Үкіметтің алдын ала күткенінен жоғары болып отыр.
Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Қазіргі уақытта еліміз әлемділік қаржылық- экономикалық дағдарыстың неғұрлым ауыр салдарын еңсере алды деп айта аламыз. Қазақстан жаппай жұмыссыздықты, кәсіпорындардың сұрапыл банкротқа ұшырауын және өндіріс көлемінің күрт құлдырауын білген жоқ. Мұндай жағдайлар 2010 жылдың екі айында оптимизмге жетелейді Өнеркәсіп көлемінің өсімі және ішкі жалпы өнімнің өсімі біздің алдын ала күткендегімізден жоғары болып отыр», деді отырыста Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, мұндай өсімдердің барлығы Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. «Мемлекет басшысы қоғамды жұмылдырып, дағдарысқа қарсы айқын әрі нақты шараларды ұсынды, ол үшін қажетті қаржы бөлді», деді К. Мәсімов.
Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстандағы шағын және орта бизнес еліміздің ішкі жалпы өнімінің үштен бір бөлігін өндіретіндігіне тоқталып өтті.
«Шағын және орта бизнес саласында істейтін адамдардың саны қазір 1 млн. 800 мыңннан астамды құрайды. Бұлар еліміздің еңбекке қабілеттілерінің төрттен бірі. Олар еліміздің ішкі жалпы өнімінің үштен бір бөлігін өндіреді», деді отырыста Премьер-Министр.
Оның айтуынша, Қазақстанда нарықтық экономика жұмыс істеп келе жатқан екі онжылдықта ұлттық бизнес айтарлықтай тәжірибе жинады. Шағын және орта бизнес негізгі жұмыс орындарын құруда, орта тапты қалыптастыруда, ұлттың әл-ауқатын және мемлекеттің өркендеуін қамтамасыз етуде.

Отырыста Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің 2007 жылдан бастап тек шағын және орта бизнесті қолдауға 276 млрд. теңгеден астам қаржы бөлгендігін айтты.
«2009 жылы - бұл дағдарысты жылдың шыңы, корпоративті табыс салығы үштен бірге төмендетіліп, жылдық 20 пайызды құрады. Біз дағдарыс жағдайында бизнеске осындай ауқымды көмек көрсеткен бірден бір елміз. Қосымша құн салығы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салықтың регресивті ставкасы шкаласының орнына 11 пайыз мөлшеріндегі біртұтас ставка енгізілді. Ал инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салықтық преференциялар қарастырылды», деді Премьер-Министр отырыста.
Үкімет басшысы 2008 және 2009 жылдары шағын және орта бизнесті тексеруге мороторий жарияланғанын айта келе, кәсіпкерлерді қолдау үшін көптеген жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті.


Іскерлік климатты жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді жою сатылап жүргізіледі. ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
«Бүгінгі күні біз Елбасы жүктеген ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар топтамасын ұсынатын боламыз. Ең алдымен бизнес пен іскер ортаның іскерлік климатын жақсарта түсу үшін әкімшілік кедергілерді сатылап жою жалғаса түседі. Бұл ретте нақты әрі ашық ережелер қалыптасып, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесілуі шарт. Осы мақсатта 2010 жылдан бастап тәуекелді бағалау жүйесі енгізілген, ол бойынша тек қана «адал» емес кәсіпкерлер тексерілетін болады. Бұл шара кәсіпорындардағы жоспарлы тексерістер санын қысқартады. Мемлекет басшысы Үкіметке кәсіпорынды бір күн ішінде тіркеу мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма қойған еді. Бұл орындалды. Бүгінгі күні кәсіпорынды бір күннің ішінде тіркеу жүзеге асырылады», деді К. Мәсімов.
Сонымен бірге Үкімет басшысы электрондық Үкіметті қалыптастыру барысында сыртқы сауда операцияларын жүргізу үшін электронды құжат айналымы енгізілгенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу жөніндегі рейтингісі бойынша Қазақстан 2009 жылы 63 орынға көтеріліп, көршілес ТМД және бірқатар Еуропа елдерін басып озған.

Бизнестің жаңа бастамаларын ынталандырудың маңызы зор. ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
Өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесетін жаңа бизнестік бастамаларды ынталандырудың маңызы зор. Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін бұл бағытта Үкіметте бірқатар кеңестер өткізілді. Сондықтан да Мемлекет басшысы қолдаған жағдайда Үкімет бизестің тың бастамаларын ынталандыру үшін бірқатар құралдарды іске қоспақ. Атап айтқанда, кәсіпорынды модернизациялау және жаңа өндірісті шығаруға мақсат қойылған жағдайда пайыздық ставканы субсидиялау және кредитті кепілдендіру қолға алынады. Өндірістік өнеркәсіп алаңдары, өндірістік инфрақұрылымдарды кеңейтуге, бизесті жүргізуге жүйелі қолдаулар жасалады. Мұнымен қоса маман даярлаудың жаңа жүйесі іске қосылады», деді К. Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет қолдайтын мұндай тың бастамалар ұлттық экономиканы дамыту үшін аса маңызды шара болып табылады. «Бұл шара өз кезегінде индустриялық-инновациялық дамуды да толықтыра түседі», деді К. Мәсімов.


Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет тің 2010 жылы шағын және орта бизнестің несиелерін субсидиялауға шамамен 30 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отырғандығын  айтты.
«2010 жылы шамамен 25-30 млрд. теңге бөлінетін болады. Егер олар субсидияланатын болса, онда банктер 300 млрд. теңгедей несиені қайта құрылымдай алады. Бұл жеке бизнес, кәсіпорындар үшін айтарлықтай қолдау болады, деді отырыста Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің айтуынша, бұл ретте мемлекеттің бөлген қаржысын бақылайтын мониторинг жүйесі іске қосылады. «Мемлекеттің қаржысы тек қана белгіленген мақсатқа және тиімді пайдаланылуы тиіс», деді К. Мәсімов.


Жиын барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттің экономиканы сауықтыру үдерісіне қатысуы бұрын берілген проблемалы несиелердің сыйақы ставкасын субсидиялаумен ғана шектелетіндігін айтты.
«Премьер-Министр  бұл ретте несиесін субсидиялағысы келетін кәсіпкер ең алдымен индустриялық-инновациялық дамудың басымдықтарына сәйкес болуы, екіншіден, несиелері жөніндегі ақпаратты өз ырқымен жариялауы тиіс -деді. Ал кәсіпорындардың меншігінің құрылымы ашық болуы қажет. «Өткен жылы бұны банктерден талап еткен болатынбыз. 2008-2009 жылдардағы қайта құрылымдаудың нәтижесінде банк жүйесі қазіргі күнде ашық бола түсті. Біз бүгінде банктердің акционерлері кімдер, кім неге жауап беретіндігін айқын білеміз. Осы сияқты енді кәсіпорындардың меншіктерін құрылымдаудан өтуіміз керек. Банктер кәсіпкердің кім екенін, орың артында кімнің тұрғанын нақты және айқын көруі тиіс. Осы процедурадан өту қажет. Осы залда отырған кәсіпкерлер бұған қарсы емес. Мұндай жағдайда адал кәсіпкерлерге көмектесуіміз қажет», деді Премьер-Министр.
Оның айтуынша, сонымен қатар несиелерін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің кредиторлармен 2-3 жылға арналған қаржылық сауықтыру жөніндегі келісілген бағдарламасы болуы тиіс.
«Мұндай жағдайда банктер тәуекелді өзіне алатын болады. Бұл ерікті бағдарлама, біз ешкімді мәжбүрлемейтін боламыз. Банктер кәсіпкерлермен бірге проблемадан шығатын болады», деді К. Мәсімов.
Кәсіпорынды сауықтыруға кәсіпкер өтінішті тек 2010 жылдың ішінде бере алады. Ал сауықтыруға арналған субсидия жөніндегі жалпы рамка 3 жылмен шектеледі.
«Келісім бойынша біз мынадай нұсқаны ұсынамыз, сұрыпталған жобалар бойынша банктер өздерінің ставкаларын 16-17 пайыздан
12 пайызға дейін қысқартуы тиіс. Бұның ішінде, кәсіпкерлер үшін тиімді ставка 7 пайызды құрайды, ал 5 пайыз - бұл субсидиялау болады. Егер, бүгін біз бұл мәселе бойынша Сіздің мақұлдауыңызды алатын болсақ, онда 2010 жылдың нақтыланған бюджетінде бұл бағдарлама үшін ресрустар бөлінеді», деді Үкімет басшысы.
Бұл жұмысты Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі үйлестіреді. Соңғы шешімді Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдайды.


 Жұма күні өткен жалпы отырыста Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов   құқық қорғау саласындағы реформа ұлттық кәсіпкерліктің осы салаға сенімін арттыруы тиіс екендігіне тоқталды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынатын құқық қорғау органдарындағы реформа ұлттық кәсіпкерліктің осы салаға деген сенімін арттыруы тиіс. Бизнес қауымдастығының, еліміздің іскерлер әлемінің сотқа және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруы шарт. Сонымен бірге, адал кәсіпкерлер үшін жеке меншік мүлігінің сақталуы және сот төрелігінің тәуелсіздігі үлкен кепіл болуы шарт», деді К. Мәсімов.

 

 

ҚазАқпарат

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Шілде  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz