Үкімет

29.08.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Үкімет 2008-ші жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2 трлн. 692,1 млрд. теңгені құрайды

Бұл туралы Үкімет отырысында 2008-ші жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын таныстырған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов айтты.

28.08.2007   /Үкімет Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Жаңа басшыны өңір активіне Премьер-Министр Кәрім Мәсімов таныстырды.

28.08.2007   /Үкімет ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі сенім телефонының жұмыс істейтіні жөнінде хабарлайды

2007 жылғы қыркүйектің 5-іне дейін елдің әрбір азаматы мектептердің жаңа оқу жылына дайын еместігі жайындағы фактілерді хабарлай алатын сенім телефоны жұмыс істейді.

20.08.2007   /Үкімет ҚР Үкімет қаулысымен демалыс күні 2007 жылғы 2 қыркүйек жексенбіден 2007 жылғы 31 тамыз жұмаға ауыстырылды

Қаулыға сәйкес 2007 жылғы 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері болып белгіленді.

Үкімет отырысы 15.08.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Үкімет Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарына қажетті спорт кешендерін салуға және қайта жөндеуге бюджеттен 726 млн. доллар қаржы бөлу жоспарланып отыр

Премьер-Министр К.Мәсімовтың төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте бұл туралы Спорт және туризм министрі Т.Досмұхаметов мәлім етті.

Б.Мұхамеджанов 13.08.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Үкімет Елімізде бірінші жарты жылдықта қылмыс 5,5 пайызға азайды

Үкіметте өткен селекторлық кеңесте бұл туралы Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов айтты.

13.08.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Үкімет Үкіметтің селекторлық кеңесі тұңғыш рет бейне режімде өтті

Оның барысында Премьер-Министр К.Мәсімов Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ, бейне режімге қосылған Астана мен Алматы қалалары және облыс әкімдеріне ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттардың сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

13.08.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Үкімет , Экономика Премьер-Министр мүлікті жария ету акциясының ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды деп санайды

Қазақстанда мүлікті жария ету акциясы аясында заңдастырылған мүліктің жалпы құны - 844,7 млрд. теңгені немесе 6,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Коржова 07.08.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Үкімет 2007 жылғы шілденің 1-і күнгі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 1 477,0 млрд. теңгені құрады

Бұл туралы Үкімет отырысында 2007-ші жылдың 1-ші жарты жылдығында мемлекеттік бюджеттің орындалуының қорытындысы туралы баяндама жасаған Қаржы министрі Наталья Коржова айтты.

07.08.2007   /Мемлекеттік органдар , Үкімет «Қазына» тұрақты даму қоры жыл басынан бері сомасы 1 млрд. доллардың 30 жобасын мақұлдады

Бұл туралы Үкімет отырысында аталған қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS