Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Экономика > 2008 > Қыркүйек > Үкіметте шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Үкіметте шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қыркүйектің 30-ы күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

ҚР Үкіметі жанынан құрылған және ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Комиссияның негізгі мақсаты мемлекет пен бизнес-қоғамдастық тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергіні төмендету жөнінде шаралар мен үйлестіретін ұстанымдар әзірлеу болып табылады.

Отырысқа қатысушылар шағын және кәсіпкерлік субъектілеріне тексерісті реттеу және азайту мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру жөнінде ұсыныстарды талқылады.

Отырыс барысында сондай-ақ «Атамекен одағы» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық палатасының «Жекеменшік кәсіпкерлік туралы» заң жобасына қатысты ұсыныстары қаралды.

Ұсынылған құжаттар талқылауға және пысықталуға жолданды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелері Қазақстандағы бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен түзетулерді енгізу жөнінде ұсыныстар пакетін әзірлейтін болды.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS