Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Экономика > > Қараша > Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы, доктор Клаус Мангольдт бастаған Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы, доктор Клаус Мангольдт бастаған Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы жағдайы және келешектегі жай – күйі талқыланды.

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы, доктор Клаус Мангольдт бастаған Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы жағдайы және келешектегі жай – күйі талқыланды.
Сондай – ақ, Қазақстан, Беларус және Ресей арасында құрылып жатқан кедендік одақ, Қазақстанның ДСҰ – на кіруі, сондай – ақ, Қазақстанның алдағы ЕЫҚҰ – на төрағалығы мәселелері бойынша әңгіме өрбіді.
К.Мәсімов делегация мүшелерін Берлин қабырғасының құлағанына және осы күндері аталып өтіп жатқан Германияның бірігу үдерісінің басталуына 20 жыл толуымен құттықтады.
Қазақстан ашық, сындарлы және жауапты әріптестік ынтымақтастықты ұстануды жалғастыратынын, екі ел арасындағы өзара байланыстарды әрі қарай нығайтып, дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Премьер – Министр кездесуге қатысушыларға Қазақстандағы дайындалып жатқан серпінді индустриялды – инновациялық даму бағдарламасы туралы, сондай – ақ, осы бағдарлама аясында әзірленіп жатқан индустриялды карта жөнінде хабарлады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың сәттілігіне сенім білдірді.


ҚР Премьер-Министрінің
Баспасөз қызметі


Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП
Corporate LEADERS


Ресурстар

Мұрағат

<<< Қыркүйек  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

www.nu.edu.kz

Astana Almaty