Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Интеграция > 2008 > Қазан > ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Мечел» ААҚ Бас директоры Игорь Зюзинмен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Мечел» ААҚ Бас директоры Игорь Зюзинмен кездесу өткізді

И.Зюзин Премьер-Министрді «Мечел» компаниясының Ақтөбе облысының аумағында ферроқорытпа зауытының құрылысы жөніндегі жоспарымен таныстырды.

Қазанның 7-сі күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Мечел» ААҚ Бас директоры Игорь Зюзинмен кездесті.

Кездесуде компанияның тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі саласындағы инвестициялық қызметінің болашағы талқыланды.

И.Зюзин Премьер-Министрді «Мечел» компаниясының Ақтөбе облысының аумағында ферроқорытпа зауытының құрылысы және хром кен орнын игеру жөніндегі жоспарларымен таныстырды.

К.Мәсімов ресейлік компанияның бастамасын мақұлдай отырып, Қазақстанның инветорлармен қарым- қатынасқа дайын екенін білдірді.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі