Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Интеграция > 2008 > Қазан > ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының вице-президенті Ван Дунзциньмен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының вице-президенті Ван Дунзциньмен кездесті

Кездесу барысында қазақстандық энергия тасымалын, атап айтқанда, «Қазақстан – Қытай» газ құбырын, шығысқа тасымалдау жөніндегі ағымдағы жобаны іске асыру мәселесі талқыланды.

Қазанның 11-і күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының вице-президенті Ван Дунзциньмен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық энергия тасымалын, атап айтқанда, «Қазақстан – Қытай» газ құбырын, шығысқа тасымалдау жөніндегі ағымдағы жобаны іске асыру мәселесі талқыланды.

В. Дунзцинь Қытайға жеткізілетін газ құбыры құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Қытай тарабы, сондай-ақ, «Қазақстан – Қытай» газ құбырының екінші желісінің құрылысын қаржыландыруға дайын екенін жеткізді.

Осы ретте, Премьер-Министр Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің сұранысын қанағаттандыру үшін тасымалданатын көлемді бөлудің бірінші кезектегі маңыздылығын атап өтті.

Энергия тасымалының қалған көлемі Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдеріне экспортталатын болады.

К. Мәсімов толықтай алғанда қытай корпорациясының инвестициялық бастамасын мақұлдады және Қазақстанның инвестициялық жобаларды келешекте де іске асыруға мүддесі барын білдірді.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS