Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Интеграция > 2010 > Наурыз > Будапешт қаласында Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысы шеңберіндегі кеңестер өтті

Будапешт қаласында Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысы шеңберіндегі кеңестер өтті

Қазақстандық делегацияға ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Б.Сұлтанов басшылық етті.

Осы жылдың 9 наурызында Будапешт қаласында Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысы шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша тиімді кеңестер өтті.

Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Б.Сұлтанов басшылық етті. Делегация құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының өкілдері бар.

Күн тәртібіне сәйкес екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм және спорт, білім беру, транспорт, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ энергетика, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау, ғылым және индустриалды-инновациялық, нормативті-құқықтық базасын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан-венгр Іскерлік кеңесінің отырысын әзірлеу мен өткізу мәселелері талқыланды қарастырылды.

Отырыс соңында екі жақ Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысының Хаттамасына қол қойды.

Осымен бірге, аталмыш отырыс аясында Министр Б.Т.Сұлтанов пен Венгр Республикасының экономика және ұлттық даму министрі Иштван Варгпен екіжақты кездесуі өткізілді. Онда министрлер екі елдегі экономикалық жағдай туралы ақпаратпен бөлісті.

Министр Б.Т. Сұлтанов ү.ж. қаңтардағы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы турасында хабардар етті.

Министр Б.Т. Сұлтанов Қазақстан Республикасының Үкіметі даярлаған 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен индустриаландыру картасы, Қазақстанды индустриаландыру картасы және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары жөнінде айтып өтті. Бақыт Сұлтанов венгрияның бизнес-құрылымдарын аталған бағдарлама жобаларын бірлесіп белсенді жүзеге асыруға шақырды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Шілде  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz