Интеграция

05.07.2010   /Интеграция Ақордада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі өтуде

Шағын құрамда өтіп жатқан кездесуге ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің мемлекет басшылары Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Ресей Президенті Д.Медведев, Беларус Президенті А.Лукашенко, Қырғызстан Президенті Р.Отынбаева, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон қатысуда.

03.07.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция Друскининкай қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысы өтті

Шілденің 1-2-сі күндері өткен келіссөздердегі біздің еліміздің делегациясын Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, литва тарабын - шаруашылық министрі Дайнюс Крейвис басқарды.

03.07.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция Бейжің қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Чэн Гопинмен сыртқы істер министрліктері аралық консультациялары өтті
03.07.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, ЕҚЫҰ «үштігіне» кіретін Литва сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалиспен және Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді
03.07.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың Эстонияның ірі кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Вяхи Тийтпен кездесуі болып өтті

Кездесу барысында Қазақстанның жүк ағынын Батыс Еуропа мен әлемнің басқа елдеріне Эстония порттары арқылы ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

03.07.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция Бейжіңде Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Қытай Халық Республимкасы сыртқы істер министрінің көмекшісі Чэн Гопин арасында консультациялар өтті

Консультация барысында ШЫҰ-ның қазақстандық төрағалығы кезіндегі негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен 2010-2011 жылдарға арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-қимыл жоспары талқыланды.

02.07.2010   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Интеграция ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ІІІ Астана экономикалық форумының қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді
01.07.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция Бүгіннен бастап Қазақстан, Ресей мемлекеттері арасында жаңа кедендік кодекс күшіне енді

Бұл туралы осы мәселеге байланысты журналистерге арнайы сұхбат берген Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

30.06.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция ЕҚЫҰ-ның Жоғары деңгейдегі конференциясында делегаттар «ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының Төзімділік және кемсітпеушілік жөніндегі Астана декларациясын» қабылдады

«Аталған конференцияның қорытындысы бойынша «ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының Төзімділік және кемсітпеушілік жөніндегі Астана декларациясын» қабылдадық. Онда біз нәсілшілдік, ксенофобия, кемсітушілік және төзбеушілікке жол бермеуге бағытталған тиімді шараларды орындау мен даярлау мақсатында қатысушы елдерді ЕҚЫҰ міндеттерін орындауға шақырамыз»,- деді ҚР СІМ басшысы Қ. Саудабаев.

30.06.2010   /Мемлекеттік органдар , Интеграция Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебек мырзамен кездесті

Кездесу аясында Орта Азиядағы аз ұлттардың жалпы білім беру және ақпараттық кеңістікке әлеуметтік кірігуі мен білім алуы жөніндегі Мемлекетаралық диалог, Ресей Федерациясы мен Өзбекстандағы қазақ тілінде оқытатын мектептер қызметінің жайы туралы мәселелер талқыланды.

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Шілде  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz