Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Басты жаңалық > 2008 > наурыз > ҚР Премьер-Министрі интернет жүйесі кеңістігін дамытуға бағытталған тұжырымдаманы қабылдау шараларын жеделдетуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі интернет жүйесі кеңістігін дамытуға бағытталған тұжырымдаманы қабылдау шараларын жеделдетуді тапсырды

Наурыздың 4-і күні Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қазақстандық интернет жүйесі (Қазнет) кеңістігін дамытуға бағытталған тұжырымдаманы қабылдау шараларын жеделдетуді тапсырды.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәліметіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда интернет жүйесін халықтың 11 пайызға жуығы пайдаланады. Байланыс операторларының есебі бойынша ағымдағы жылғы қаңтардың 1-іне дейін интернет жүйесі абоненттерінің саны 700 мыңға жуықтаған. Ал «ICT Marketing» тәуелсіз маркетингтік агенттіктің мәліметіне қарағанда, 2007 жылы елімізде 1,6 млн. интернет пайдаланушы тіркелген. Жалпы, қазіргі кезде Ресейде интернетті пайдаланушылар - 20 пайызға, Эстонияда -58 пайызға, Оңтүстік Кореяда - 65 пайызға, Канадада 71 пайызға жеткен.

Қазақстандық интернет жүйесі сегментінде 4-5 мыңға тарта жұмыс істейтін сайт бар. Оның ішінде 95 пайызы - орыс тілді сайттар.

2008 жылдың басында «Казнетте» домендік атаулар 23600-ді құраған. Ал 2007 жылы олардың саны 16431 болған. Яғни, өткен жылға қарағанда домендік атаулар саны 43,6 пайызға өскен.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға еліміздегі үш ірі энергия стансасының, атап айтқанда, Балқаш Жылу электр стансасының, Екібастұзтағы 2-ші ГРЭС-тің 3-ші энергоблогының және Мойнақ Су электр стансасының құрылысын салу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Аталмыш электр стансаларының құрылысын салу жөніндегі Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандығына тоқталған Үкімет басшысы: «Біз оны мүлтіксіз орындауға тиіспіз», деді.«Осы қыста еліміздің оңтүстік өңірінде электр энергиясының тапшылығы қатты білінді. Бұл стансалардың барлығы салынуы тиіс. Бізде басқа жол жоқ. Сондықтан барлығымыз жұмылып, осы мәселелерді шешу жөнінде ойлануымыз қажет», деді К. Мәсімов. Осы орайда Үкімет басшысы, барлық тиісті министрліктерге, атап айтқанда, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда министрліктеріне, сондай-ақ «Самұрық» холдингіне бұл мәселені бірлесіп пысықтауды жүктеді. Бұдан бөлек, Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне еліміздің электр энергетикалық саласындағы кадрлар тапшылығын жою үшін білікті кадрлар дайындау мәселесіне назар аударуды тапсырды. «Біз аталған стансалардың құрылысын аяқтағаннан кейін, оларда жұмыс істейтін кадрлар тапшылығына ұрынып қалмауымыз қажет», деді Үкімет басшысы.
 
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында Балқаш Жылу электр стансасының, Екібастұзтағы 2-ші ГРЭС-тің 3-ші энергоблогының және
Мойнақ Су электр стансасының құрылыстарын салу мәселесі талқыланды. Бұл құрылыстар бойынша «Самұрық» холдингінің Басқарма
төрағасы Қанат Бозымбаев баяндама жасады.

Еліміздің электр энергетикалық саласы үшін білікті кадрлардың тапшылығы сезілуде. Бұл мәселені шешу үшін алдағы оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарында электр энергетикасы мамандықтары бойынша оқытуға арналған мемлекеттік гранттардың санын айтарлықтай ұлғайту қажет. Үкіметтің отырысында «Самұрық» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев осындай ұсыныс айтты.
 
Қ. Бозымбаев сонымен қатар аталмыш мәселені шешу үшін «Болашақ» бағдарламасы аясында электр энергетикасы мамандықтары
бойынша шет елдерде, ең алдымен Ресей, Қытай, Германия және Францияда қазақстандық мамандарды көптеп оқыту қажеттігін айтты.
Оның сөзіне қарағанда, «Самұрық» холдингінің құрамына кіретін қуат өндіруші компаниялардың өзінде 2008-ші жылы энергетик маманына сұраныс 214 адамды құрайтын болады. Ал 2012-2013-ші жылдары бұл көрсеткіш 1038-ге дейін ұлғаймақ. Оның ішінде, Балқаш жылу электр стансасына 640 маман, Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-ке 298 маман қажет болады.

ҚазАқпарат

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Наурыз  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS