ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкіметтің селекторлық кеңесі өтті
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық кеңесінде Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа бір аптаның ішінде мұнай өнімдеріне байланысты кешенді шараларды шешуді тапсырды.
2008 жылдың басында мұнай өнімдерінің бағасы тұрақты сипатта болғанын айтқан С. Мыңбаев: «Сәуір айының екінші он күндігінен бастап ішкі нарықта жоғарғы октанды бензиннің бағасы литріне 1-2 теңгеге, ал дизель отынының бағасы 2-3 теңгеге өскені байқалуда», деді. Оның айтуынша, бензиннің қымбаттауы әлемдік нарықтағы мұнай бағасының көтерілуне байланысты болып отыр.
С. Мыңбаевтың сөзіне қарағанда, 2008 жылдың басынан бері мұнай компаниялары 23 млн. 568 мың тонна мұнай өндірсе, Қазақстандағы мұнай зауыттарында 4 млн. 131 мың тонна мұнай өңделген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегімен салыстырғанда 105,4 пайызға тең.
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында еліміздің мұнай өңдеу зауыттары 827,1 мың тонна бензин, 1 млн. 111 мың тонна дизель отынын, 916,7 мың тонна мазут өңдеген.
Ағымдағы жылғы көктемгі егіс жұмыстары өткен жылға қарағанда жоғары деңгейде жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.
Тұқымның сұрыптылығын тексеруге 2 миллион тоннаға жуық тұқымдық материал түскенін жеткізген А. Күрішбаев, оның 98,5 пайызы тексерілгенін және 98,4 пайызы сұрыпты дән болып танылғанын айтты.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі егіс жұмыстары атқарылып жатқандығына тоқталған министр: «облыс әкімдерінің мәліметі бойынша, ылғалдылықты сақтау үшін топырақты тырмалау жұмыстары жоспарланған егістік жерде бұл шаралар түгелімен атқарылған. Сонымен қатар көктемгі жер жырту жұмыстары аяқталуға жақын»,-деді.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде егіс науқаны Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында жүргізілуде. Алдын ала жасалған талдау жұмыстарына қарағанда, биылғы жылы егістік аумағы өткен жылмен салыстырғанда артып отыр. Мәселен, бидай егісі 573 мың гектарға, майлы дақылдар 97,8 мың гектарға, қант қызылшасы 5,6 мың гектарға, көкөніс және бақша дақылдары 4,5 мың гектарға ұлғайған.
Мамырдың 5-і күні Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мұнай өнімдерін экспорттауды реттеуге байланысты кешенді шаралар қабылдау қажет екенін мәлім етті.
«Мұнай өнімдерін экспорттаудың балансын бақылау мәселесі бойынша қосымша талдау жасауға 3-4 күн уақыт беруді сұраймыз», деді министр Үкімет басшысына.
С. Мыңбаевтің айтуынша, 2008 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан экспортталған дизель отынының көлемі 279 мың тоннаны құраған және бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары. Сонымен қатар бензин де 1,5 есеге артық экспортталған.
Жалпы 2008 жылдың бірінші тоқсанында елімізден экспортталған 42 мың тонна бензиннің 36 мың тоннасы ТМД елдеріне тасымалданған, оның ішінде 24 мың тоннасы Қырғызстанға шығарылған.
Азық-түлік тауарларына жоғары баға Атырау облысы мен Алматы және Астана қалаларында сақталып отыр. Бұл туралы Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті.
Оның айтуынша, елімізде сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда сүт және құс етіне баға 1 пайызға төмендеген. Сонымен қатар көкөніс бағасы да арзандаған.
Жақында Үкіметте өткен кеңесте ішкі нарықты күнбағыс майымен, қант, күріш және басқа азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен талқыланғанын жеткізген министр, әкімдерге 10 күннің ішінде қант пен өсімдік майын өндірушілермен еліміздің өңірлерін аталған өнімдермен қамтамасыз етуге байланысты меморандумға қол қою тапсырылғанын айтты.
Бұл меморандумда қант пен өсімдік майын сататын кәсіпорындардың тізімі көрсетіліп, өндірушілердің аталған тауарды сататын бағасы мен көлемі және мерзімі белгіленетін болады.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |