Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Басты жаңалық > 2008 > Маусым > Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті

Қазақстан Үкіметі мен «Agip KCO» консорциумы Қашаған кенішіндегі мұнай өндіру жұмысын 2013 жылдың қазанына дейін бастау жөнінде келісімге келді. Бұл туралы  Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапы кеше «Қашаған» кенішін игеруші концорциумға қатысушылармен Меморандумға қол қойған. Тараптар кеніштегі коммерциялық мұнай өндіру жұмысын бастауды 2013-шы жылға ұзарту жөнінде уағдаласқан. «Егер кеніште мұнай өндіруді бастау жұмыстары 2013 жылғы қазанның 1-інен кешіктірілетін болса, онда консорцуимның осы мерзімнен ары қарайғы шығындарын Қазақстан өтемейтін болады», деді министр. «Біз Қашағандағы коммерциялық мұнай өндіру жұмысының басталу мерзімі соңғы рет ұзартылып отыр деп ойлаймыз», деп қосты ол.

Өз кезегінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов келіссөз жүргізуші команда Қазақстаның мүддесін қорғауда айтарлықтай табандылық
көрсеткенін атап көрсетіп, оларға алғыс білдірді.

Үкімет отырысында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметіне қатысты құжатар пакеті мақұлданды.

Отырыс барысында ӘКК туралы заң жобасына байланысты, оған ілеспе кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізуге, сондай-ақ бірқатар Үкімет қаулыларына қатысты 8 құжат қаралды.

Атап айтқанда, Үкімет мүшелері кен орнын пайдалану саласында ӘКК қызметіне байланысты толықтырулар енгізу жөніндегі Президент Жарлығының жобасын мақұлдады. Осыған орай ӘКК мұнай, газ және ураннан басқа пайдалы қазбалардың түрлері бойынша барлау, өндіру, өңдеу шараларын жүзеге асыра алады. Мұнымен қоса бүгін Үкіметте ӘКК-ге берілген АҚ-лар мен ЖШС-лар бойынша мемлекет үлесі айқындалатын екі қаулы бекітілді. Сонымен қатар, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы кадрлық тағайындауларға қатысты қаулылар қабылданды.

ӘКК-нің капиталдандыру мәселесіне тоқталған Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Үкімет бекіткен тізімге сәйкес,
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға мемлекеттік меншіктегі 173 нысан мен пайдалы қазбалардың 194 кен орындары берілуі тиіс екенін айтып өтті.

Министрлер кабинетінің сенбі күнгі отырысында шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд. теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың айтуынша, бюджеттен бөлінетін қосымша қаржы шағын және орта бизнесті қолдауға үш бағыт бойынша көрсетіледі. Бірінші бағыт бойынша қаржы Алматы мен Астана қалаларында орналасқан шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуге жұмсалады. «Бұл қалалардағы шағын және орта бизнес субьектілеріне қолдау көрсетуші негізгі оператор «Қазына» қоры болады. Қордың өзі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 50 млрд. теңге бөледі. Тағы 50 млрд. теңгені екінші деңгейлі банктер береді. Бұл ретте несиелеудің жалпы ставкасы бүгінгідей 22 пайыз емес, 12,5 пайыз болмақ. Мен мұны айтарлықтай қолдау деп білемін», деді Премьер-Министр.

К. Мәсімовтың сөзіне қарағанда,шағын және орта бизнесті қаржыландырудың екінші бағыты республикалық және жергілікті бюджеттерден тең қаржыландыру болып табылады. Осыған сәйкес, өңірлердегі шағын және орта бизнесті қолдауға әрбір облыстың бюджетінен 2 млрд. теңге және республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінеді. Осылайша өңірдегі шағын және орта бизнесті несиелендіруге жалпы алғанда 56 млрд. теңге бағытталады. «Үшінші бағыт бойынша шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсікерлік корпорациясына 4 млрд. теңге бөлінеді. Бұл - жергілікті жерлердегі шағын және орта бизнесті қолдауымыздың айқын мысалы», деді К. Мәсімов. Ол осы орайда «Оңтүстік» ӘКК-ның қазіргі жасап жатқан жұмысына өзге ӘКК-лердің де тартылуы қажет екенін айтты.

«Осылайша шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы және біз оны орындауымыз қажет. Қаржыны бөлу жөніндегі шешім бүгін қабылданады», деді Премьер-Министр.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қазан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS