Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Басты жаңалық > 2008 > Тамыз > Үкімет мәжілісінде ҚР Бюджет және Салық кодекстерінің жобасы, оларды енгізуге қатысты заңнамалық актілер және «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды

Үкімет мәжілісінде ҚР Бюджет және Салық кодекстерінің жобасы, оларды енгізуге қатысты заңнамалық актілер және «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды

Тамыздың 26-сы күні Үкімет үйінде өткен Үкімет мәжілісінде ҚР Бюджет және Салық кодекстерінің жобасы, оларды енгізуге қатысты заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасының 2009-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштер болжамдары, сондай-ақ «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды.

Еліміздің басты қаржы құжаттарын әзірлеу жұмыстары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген тапсырмасы бойынша жүргізілді. Құрамында мүдделі органдар мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері енген арнайы құрылған жұмыс тобы 7 ай бойына белсенді жұмыстар жүргізді.

Жұмыс тобының мүшелері тұрақты түрде еліміздің Президентіне атқарылған жұмыс туралы баяндап отырды. 2008 жылғы 23 тамызда Н. Назарбаев өткізген кеңесте құжаттардың жобасы қаралып, құжаттардың жобалары бойынша бірқатар ескертулер жасалып, нақты тапсырмалар берілді.

ҚР Бюджет және Салық кодекстерінің жобасы, оларды енгізуге қатысты заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасының 2009-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштер болжамдары, сондай-ақ «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы ҚР Президенті айтқан аталған сын-ескертпелерді қайта толықтырды және бүгін Үкімет мүшелері тарапынан мақұлданды.

Құжаттардың жобасын таныстырған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б. Сұлтанов Бюджет кодексі жобасының басты идеясы – бұл мемлекеттік органдар қызметінің жоспарлаудан бастап, қаржылық бақылау үдерістерімен аяқталатындай нақты қорытындыларға ие болуға бағытталғанын атап өтті.

Салық кодексінің жобасы экономиканың шикізат емес секторындағы жалпы ауыртпалықты төмендету арқылы бір мезетте өңдеуші сектордан түсетін қайтарымды арттыруды және экономиканың әртараптандыру мен жаңғыртуға ықпал ететін, жағдай туғызатын заңның тікелей іс-қимыл қағидатын іске асыруды қарастырады.

Б. Сұлтановтың айтуынша, әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштер болжамдарын жасау кезінде 2008 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындылары, сондай-ақ мұнай мен металл бағасы бойынша сарапшылардың консервативті болжамдары ескерілді. Барлық осы көрсеткіштер «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы жобасында негізгі алынды.

 

Сондай-ақ бүгін ҚР Үкіметінің мәжілісінде «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы М. Есенбаев заң жобасының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады.

Заң жобасының басты мақсаты кәсіпкерлік пен бизнестің инвестициялық белсенділігінің артуы үшін бәсекелестікті қорғау және жағдай туғызу, сондай-ақ монополистік қызметке ескерту жасау, жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу, экономика саласын демонополизациялау, еркін бәсекелестікті және тұтынушылардың заңды құқығын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасының жаңашылдығы ретінде кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысу түрі мен негізгі тізбесі, монополияға қарсы органның тексерістерді жүргізуден бас таруы, бір топтағы тұлғалардың ішінде экономикалық бәсекелестікте монополияға қарсы органмен келісу талаптарын алып тастау тәртібі айқындалды. Инвестицияның артуын және инновацияны ендіруді ынталандыруға бағытталған бірқатар нормалар қарастырылды. Сондай-ақ, заң жобасы монополияға қарсы және реттеуші органдар арасындағы өкілеттікті шектейді.

Мәжіліске қатысушылардың бағалауы бойынша, заң жобасының қабылдануы кәсіпкерліктің дамуы үшін, бірінші кезекте шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша жағдай туғызуға мүмкіндік береді, отандық тауар өндірісінің артуын қамтамасыз етеді, халықаралық экономикалық қоғамдастыққа қазақстандық экономиканың толыққанды кірігуіне ықпал етеді.

Үкімет мәжілісінің қорытындысы бойынша ҚР «Бәсекелестік туралы» Заң жобасын мақұлдау және оны ҚР Парламентіне қарауға жолдау туралы шешім қабылданды.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS