Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Басты жаңалық > 2008 > Қыркүйек > ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкіметте өткен селекторлық кеңесте мектептер мен ауруханалардың құрылысына жауапсыз қараған облыс әкімдерінің орынбасарларына сөгіс жариялауды тапсырды

ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкіметте өткен селекторлық кеңесте мектептер мен ауруханалардың құрылысына жауапсыз қараған облыс әкімдерінің орынбасарларына сөгіс жариялауды тапсырды

Аймақтарда әкімдіктер тарапынан білім беру нысандарының құрылысын жүзеге асыру және қадағалау шаралары тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр.

Бұл туралы қыркүйектің 15-інде Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

100 мектеп бағдарламасы аясындағы мәселелер бойынша баяндама жасаған министр тексеріс барысында мектептердің құрылысы бойынша министрлік бірқатар жүйелік кемшіліктерді анықтады. Оның ішінде бөлінген бюджеттік қаржының игерілмеуі, құрылыс жұмыстары сапасының төмен болуы, сондай-ақ нысандардың бекітілген мерзімнен кешігіп тапсырылуы фактілері бар.

Ж. Түймебаевтың сөзіне қарағанда, кейбір мектептердің құрылысында сапасыз құрылыс материалдарын пайдалану, сейсмикалық
талаптардың сақталмауы секілді фактілер орын алған. Оның айтуынша, 2008 жылғы қыркүйектің 1-індегі жағдайға қарағанда, білім беру нысандарының құрылысы бойынша 3 млрд. теңгеден астам қаржы игерілмеген.

Атап айтқанда бюджеттің орындалмауының жоғары үлесі Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарына тиесілі. Министр қаржының игерілмеуінің негізгі себебі жобалау сметалық жұмыстарының кешігіп жасалуынан, сондай-ақ аймақтарда мектептерге бөлінген жер телімдерінің уақытылы берілмеуінен орын алып отырғанын атап өтті.

Ж.Түймебеавтың айтуынша, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 576 білім беру нысандарының 332-сі саз балшықтан салынған мектептер. «Бұл мектептер сейсмикалық жағынан қауіпті», деді министр.

Биылғы жылы «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы аясында елімізде 78 мектеп пайдалануға берілуі тиіс.
Алайда оның тек 56-сы ғана тапсырылуы мүмкін. Бұл жайында бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңестен кейінгі брифингте Білім және
ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

«Мемлекет тарапынан мектептердің құрылысына қаражат жеткілікті деңгейде берілді, алайда оның игерілуі мен құрылыс жұмыстарында
кемшіліктер бар», деді министр.
Қазіргі кезде аталған бағдарлама аясында Оңтүстік Қазақстан облысында 39 мектеп салынып жатқанын жеткізген Ж. Түймебаев, бірақ осы
мектептердегі құрылыс жұмыстары қарқынды емес екенін және осы бағытта құрылған жұмыс тобы бұл нысандар бойынша тиісті мәліметтерді дайындағанын айтты.

Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мектептер мен ауруханалардың құрылысына жауапсыз қараған облыс әкімдерінің орынбасарларына сөгіс жариялауды тапсырды.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының әкімдеріне «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасын
жүзеге асыруға жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды. Сондай-ақ К. Мәсімов егер бұдан кейін де жағдай түзелмесе
орынбасарларды қызметінен босату мәселесі төтесінен қойылатынын айтты.

Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, мемлекет тарапынан құрылысқа бөлінген қаржы игерілмесе, онда бұл қаржы құрылып жатқан қорға
бағытталатын болады.

Бір айдан кейін еліміздегі мектептердің және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы бойынша селекторлық кеңес өтетінін жеткізген
Үкімет басшысы, «атап айтқанда онда біз бұл мәселе тұрғысында 9 айдың қорытындысын қараймыз», деді.

Сондай-ақ К. Мәсімов келесі дүйсенбіде, яғни қыркүйектің 22-сі күні болатын селекторлық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі мен
облыстардың әкімдері егін ору науқанының жұмыстары мен азық-түлік бағасының реттелуінің жағдайын баяндайтынын айтты. «Мұнымен
қоса кеңесте Энергетика және минералдық ресурстар министрі жанар-жағармай нарығындағы жағдайды баяндайды», - деді Премьер-Министр.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS