ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Трансмашхолдинг» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Бокаревпен кездесті
Қазанның 7-сінде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Трансмашхолдинг» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Бокаревпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан аумағында теміржол саласы үшін жылжымалы құрам бірлескен өндірісін ұйымдастыру мәселелері
талқыланды.
А.Бокарев - теміржол көлігімен тасымалдау талаптарын қанағаттандыру үшін магистральды электровоздардың, тепловоздардың және жолаушылар вагондарының өндірісі бойынша жаңа бірлескен кәсіпорындар құру инвестициялық жобаларын іске асыру жөнінде ұсыныс жасады.
ҚР Премьер-Министрі ресейлік компанияның қазақстандық рынокқа келуі бастамасын мақұлдады және «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ президенті Асқар Маминге «Трансмашхолдинг» компаниясының басшылығымен бірлесе отырып, инвестициялық жобаларды іске асырудың іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |