Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Басты жаңалық > > Маусым > Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы жылдың орта кезінен бастап экономиканың өсімі байқалатындығы айтылды

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы жылдың орта кезінен бастап экономиканың өсімі байқалатындығы айтылды

Биылғы жылдың орта кезінен бастап экономиканың өсімі байқалмақ. Бұл туралы  Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
«Бес айдың нәтижесі бойынша ағымдағы жағдайдың тұрақты мониторингі базалық салаларда бөлек экономикалық индикаторлар бойынша, әсіресе, кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі бойынша айдан- айға жоғарылау көрсеткішінің пайда болуын көрсетіп отыр. Осы арқылы биылғы жылдың орта кезіне қарай біз экономиканың бәсеңсуінен, қалпына келтірілген өсіміне ауысуын байқайтын боламыз»,-деді министр.
Б. Сұлтановтың пайымдауынша, дағдарысқа қарсы қаражатты барынша толық игерілуін есептегенде, жыл қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерді байқауға болады.
«Жылдың қорытындысы бойынша оң нәтижеге шығу Үкімет мүшелерінің барлығына, ұлттық холдингтерге алдымызға қойылған мақсатқа қол жеткізуде өте маңызды», -деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

ҚазАқпарат

 

 

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП
Corporate LEADERS


Ресурстар

Мұрағат

<<< Қыркүйек  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

www.nu.edu.kz

Astana Almaty