Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана қаласының жаңа орталығының құрылыс барысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
Кеңеске қатысушылар Астана қаласының энергиялық кешінін дамыту мәселесін, соның ішінде – ЖЭО-3 (ТЭЦ-3) құрылысын, сондай-ақ «Талдыкөл» қалдық суларды жинақтау орнын жойып, жерін қалпына келтіру» жобасын іске асыру барысын талқылады.
Қазанның 10-ында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана қаласының жаңа орталығының құрылыс барысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.
Кеңеске қатысушылар Астана қаласының энергиялық кешінін дамыту мәселесін, соның ішінде – ЖЭО-3 (ТЭЦ-3) құрылысын, сондай-ақ «Талдыкөл» қалдық суларды жинақтау орнын жойып, жерін қалпына келтіру» жобасын іске асыру барысын талқылады.
Кеңес барысында ЖЭО-3 құрылысы қаланың энергия ресурсына деген сұранысын қамтамасыз ететін болады.
Астана қаласының әкімдігі тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, концессия негізінде ЖЭО-3 құрылысы жобасын іске асыру рәсімдерін әзірлеу және қадамдық кестесі әзірленді.
Осы ретте, жылу мен электр энергиясына сұранысына байланысты жобада әлеуметтік ауыртпалықты төмендету жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Премьер-Министр ұсынылған жобаны іске асыру қағидатын мақұлдады және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, құрылыс объектісін концессияға беру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
Экологиялық жағдайды жақсарту үшін, сондай-ақ астананың дамуымен қалдық сулардың көлемі ұлғая түсетінін ескере отырып, «Талдыкөл» қалдық суларды жинақтау орнын жойып, босатылған аумақты кептіріп, «Қарабидайық» (қаладан 34 шақырым) қалдық суларды жинақтау орнына көшіру туралы шешім қабылданды.
К. Мәсімов толықтай алғанда, жобаны іске асыру туралы ұсынысты мақұлдады және Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, астаналық су қалдықтарын тазалаудың тиімді технологиясын анықтау үшін жұмыс тобын құруға тапсырма берді.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |