Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізілді
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын тиімді және жеделдете жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына қол қойылды.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы сәуірдің 13-індегі №301 қаулысының мына бөлімдеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделеді:
- екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша шекті сыйақы мөлшерлермелерін 12-ден 14 пайызға дейін ұлғайту, оның 7 пайыздан аспайтын бөлігін бағдарламаға қатысушы, ал 7 пайызын «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші және «Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау» үшінші бағыттары бойынша мемлекет өтейді;
- үшінші бағыт бойынша экспорт аффиллирленген тұлғалармен жүзеге асырылатын, аффиллирленген тұлғалар кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жағдайда, оларды қолдауды көздейді.
Бұл шаралар Бағдарламаға қатысушылар аясын кеңейтеді және жеке сектор кәсіпорындарының, ең алдымен, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық орнықтылығын арттырады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші бағыты жобаларды жүзеге асыру үшін банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемелері субсидияландыруға; жобаларды жүзеге асыруға бағытталған банк несиелерін ішінара кепілдендіруге; өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымдарды дамытуға; бизнесті жүргізуге сервистік қолдауға; кадрлар даярлауға, жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға (бұл компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Банк сыйақысы мөлшерлемелерін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін жаңа несиелер бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаның екінші бағыты экономиканың шикізаттық емес сектор кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған, оның ауқымында мынадай қолдау көрсетіледі:
- борышкердің банктегі несиелері болған жағдайда (мақұлдану сәтінде) және жоба мақұлданғаннан кейін пайда болған бір несиелік желі бойынша жаңа берешектер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
- борышкердің бюджетке салықтық қарыздарын (төлеуші көзінен ұсталатын табыс салығынан басқа) өтеуді Салық кодексінде белгіленген тәртіппен өсім қоспай кейінге қалдыруды қарау;
- қаржылық-экономикалық жоспар ауқымында кәсіпорынды сауықтыру, соның ішінде Қазақстанның қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі несие берушілер алдындағы берешектер бойынша басқа да шаралар.
Бағдарламаның үшінші бағыты сыртқы рыноктарға өнімдерді экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мемлекеттік қолдау банктердің қолдағы несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау арқылы көрсетіледі. Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушыары экономиканың барлық секторындағы өндіретін өнімдерінің 10 пайыздан астамын экспортқа шығаратын кәсіпкерлер бола алады.
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |