Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Жаңалықтар (Премьер-Министр) > 2008 > Қазан > Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванспен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванспен кездесті

Қазанның 8-інде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванспен кездесті.
Тараптар әлемдік қаржылық және шикізат рыноктарының ағымдағы жағдайын, сондай-ақ «Самұрық» холдингісінің және оның құрамына кіретін компаниялардың іс-қимыл стратегиясы мен қазіргі жағдайдағы экономикалық ахуалын талқылады.
Холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық» және оның құрамына кіретін ұлттық компаниялар, Үкіметтің көмегімен ұзақ мерзімді жоспарларды тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеп жатқанын атап өтті.
«Егер мұнайгаз бизнесіне, темір жол және телекоммуникациялық салаларға қарайтын болсақ, бұл – ұзақ мерзімді сипаттағы жобалар»,- деді Р. Эванс. Ол «бүгін қабылданатын шешімдер ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру барысына ықпал ететіні» туралы пікірін білдірді.
Сондай-ақ, ол тартылған капитал құнының артуын күту кезінде тиісті тарифтік-бағалау саясатына түзетулер жасау қажеттігіне тоқталды.
Р. Эванс Үкіметпен бірлесіп атқарған іс-шаралар келешекте «Самұрық» холдингісі үшін ғана емес, барлық Қазақстан экономикасы үшін оң тиімділікке қол жеткізуге жол ашатынына сенім білдірді.
Кездесу барысында Премьер-Министр «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы басшылығының алдына ұзақ мерзімді жоспарларды түзету жөнінде бірқатар жаңа міндеттер қойды.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS