Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Электронды Үкімет» мәселесі бойынша кеңес өтті
Кеңес барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) және «Электронды Үкіметті» (ЭҮ) дамытудың әлемдік көрсеткіштері қаралды.
Қазанның 9-ында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Электронды Үкімет» мәселесі бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) және «Электронды Үкіметті» (ЭҮ) дамытудың әлемдік көрсеткіштері қаралды.
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, «аталған жүйені қолдану Қазақстанда нәтижеге және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке анағұрлым бағдарланған «Электронды Үкіметті» дамыту бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді».
Сонымен қатар, Қ. Есекеев бұл жеке жобаларға инвестиця тарту үшін, сондай-ақ осы заманғы әлемде Қазақстанның бәсекелестігіне ықпал ететін сапалы экономикалық негіздеме әзірлеуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Бұдан басқа, Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологияны және «Электронды Үкіметті» дамыту жөнінде жедел және сенімді мәліметтер алу үшін АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар қарастырылғаны атап өтілді.
АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды атқару Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілетін болды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша мәліметтер жинақтауды ұйымдастыруды ҚР Статистика агенттігі жүзеге асырады.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |