Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар

Жаңалықтар

22.03.2004 Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

“Наурыз мерекесі барлық халқымызға құтты болсын! Әрбір жанұяны, әрбір қазақстандықты осы бір тамаша көктемнің күні, күн мен түннің теңелген, әрбір адамның жүрегіне үміт ұялайтын тамаша мерекемен құттықтаймын. Бұл шығыстың жаңа жылы болып саналады. Сондықтан, біз шын жүрегімізден болашаққа үлкен үмітпен қарап, еліміздің, халқымыздың, тыныштығы мен баянды болашағын тілейміз. Барлық қазақстандықтардың отбасына, жақын жора-жолдастарына, туған-туыстарына, елімізге тыныштық, денсаулық, бақыт-береке тілеймін!”, -деді Елбасы құттықтауында.

20.03.2004 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Қарағұсова журналистермен кездесті.

Министр соңғы жылдары мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 45 пайызға көтерілгенін хабарлады.

20.03.2004 Елбасы техногендік және төтенше жағдайлардың алдын алу туралы өкімге қол қойды

Мемлекет басшысының өкімімен Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне су көздерін реттеу, судың қауіпсіздік деңгейін ұстап тұру, гидротехникалық құрылыстардың орнықтылығын арттыру, жағалауларды бекіту мен су тасқынына қарсы жұмыстарды дер кезінде жүргізу жөнінде қажетті шаралар қолдану тапсырылды.

20.03.2004 Елбасы атқарған қызметтері үшін Ө.Шүкеев пен С.Кулагинге алғыс білдіріп, оларға жаңа қызметтерінде табыс тіледі.

Наурыздың 20-сында Қостанайда облыс әкімінің ауыстырылғаны жария етілді. Осы қызметте 6 алты жылдай жұмыс істеген Өмірзақ Шүкеевтің орнына осыған дейін Ақмола облысының әкімі болған Сергей Кулагин тағайындалды.

20.03.2004 Ақмола облысының әкімі мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің төрағасы тағайындалды.

Елбасы одан кейін Көкшетауға қаласында болып, Ақмола облысының жаңа әкімі Мәжит Есенбаевты таныстырды. Мәжит Есенбаев соңғы уақытқа дейін Елбасының көмекшісі қызметін атқарып келді. Нұрсұлтан Назарбаев мұнымен қатар, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) ұжымына жаңа тағайындалған басшысы Сарыбай Қалмырзаевты таныстырды.

20.03.2004 Елбасы наурыздың 20-сында өткен облыс активінде кадрлық ауыстырулар туралы Жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Елбасы Жарлығымен Қостанай облысының әкімі болып Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагин тағайындалды. Ал, Қостанай облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шүкеев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

19.03.2004 2005-2007 жылдары 90 денсаулық сақтау мекемесі жаңадан салынып, 450 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев ҚазАқпарат тілшісіне Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2005-2007 жылдары 90 денсаулық сақтау мекемесін жаңадан салып, 450 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі тапсырмасы дер кезінде көтеріліп отырған мәселе, деп атап өтті.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS