Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар

Жаңалықтар

18.04.2004 Елбасы Германияның іскер топ өкілдерімен кездесті

Сенбі күні ГФР-ге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәуірдің 18-інде Германияның іскер топ өкілдерімен кездесті.

18.04.2004 Елбасы Н.Назарбаев пен канцлер Г.Шредер Ганновер көрмесін ашты

Екі ел басшылары көрменің Күмбезді залында жәрмеңкеге қатысушылар мен қонақтар алдында сөз сөйлеп, жыл сайын 7500-ден астам фирма өз өнімдерін ұсынатын бұл көрмені әлемнің маңызды саяси-экономикалық оқиғаларының бірі, деп атады.

17.04.2004 Елбасы Германияға жұмыс бабындағы сапармен ұшып шықты

Елбасына ерген ресми делегацияның құрамында Президент көмекшісі Кәрім Мәсімов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов, индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков және басқалар бар.

17.04.2004 Қазақстан мен Түркияның кеден басшылары біріккен хаттамаға қол қойды

Сәуірдің 17-сі күні Алматыда Түркия Премьер-Министрі жанындағы Кеден қызметінің төрағасы Невзат Сайгилиоглу мырза мен ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев екіжақты кедендік қызметті жетілдіруге арналған біріккен хаттамаға қол қойды.

16.04.2004 Қырғызстан Президенті Қазақстан Премьер-Министрі Д.Ахметовты қабылдады

Кездесуде сәуірдің 16-сы күнгі мәжіліс барысында қабылданған құжаттар жөнінде пікір алмасылды. Д.Ахметов мәжілістің жоғары деңгейде өткеніне назар аудартты. Сонымен қатар, жылы шырайлы әңгіме барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланып, болашақта екі мемлекет арасындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасылды.

16.04.2004 «ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесі мәжілісінде келісілген құжаттар мемлекеттер арасындағы ықпалдастықты тереңдетпек».

Бұл туралы Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесі мәжілісінен кейін журналистермен өткен кездесуде ҚР Премьер-Министрі Даниал Ахметов мәлімдеді.

16.04.2004 ҚырғызстандаТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі өтті.

Онда күн тәртібінде барлығы тоғыз мәселе, бұған қоса бұрын талқыға салынған 23 құжат қаралды.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS