Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар

Жаңалықтар

16.03.2004 ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты алғаш рет өткізілгелі отырған ұлттық бірыңғай тестілеуге арналды.

Министр Жақсыбек Құлекееев Үкімет қаулысына орай қолға алынғалы отырған бұл шара білім ошақтарындағы оқу сапасын дұрыс бағалауға нақты мүмкіндік туғызады деп атап көрсетті.

16.03.2004 Сыртқы істер вице-министрі Қ.Әбусейітов жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері жөніндегі аймақтық мәслихатқа қатысты.

Қ.Әбусейітов Қазақстанның БҰҰ-ның Атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері жөніндегі бағдарламасын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

16.03.2004 АҚШ елшісі Сыр өңірінде болды

Елшінің айтуынша, ол Қызылорда облысындағы тек жуырда ғана саябырсыған су тасқынының жай-жапсарынан хабардар. Ол өз сөзінде облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуы, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары мен алдағы Парламент сайлауы, оның қаншалықты дәрежеде демократия талаптарына сай өтетіндігі қызықтыратындығын жеткізді.

16.03.2004 Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Денсаулық саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама жобасы талқыланды.

Кеңес барысында халыққа медициналық және дәрігерлік көмек көрсетудің қазіргі жағдайы аталып өтілді, бір шетінен, заңнамалық базаны қалыптастыру керектігі, мамандар даярлау, қаржылық және материалдық ресурстар қажеттігі, екінші жағынан – денсаулық сақтау саласындағы салааралық үйлестіру жұмысында нақты жүйеліктің қалыптаспауы айтылды.

16.03.2004 28 наурыздан бастап республика аумағында "қысқы" мерзім уақыты тоқтатылады.
16.03.2004 Индустрия және сауда министрлігінде Премьер-Министр Д.Ахметовтің төрағалық етуімен кеңес өтті.

Кеңесте еліміздің құрылыс кешендерін дамыту мәселесі қаралды. Оған Астана және Алматы қалаларының, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ірі отандық құрылыс компанияларының жетекшілері қатысты.

16.03.2004 Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин баспасөз мәслихатын өткізді.

Онда жыл қорытындысы жайлы кеңінен әңгіме болды.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қазан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS