Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар

Жаңалықтар

14.04.2004 Премьер-Министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен Республикалық бюджеттік комиссияның 8-ші мәжілісі өтті.

Мәжілісте 2004 жылға арналған экономиканың нақтыланған даму болжамы, сондай-ақ 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық макрожобаның түрлі нұсқалары қаралып, мақұлданды

14.04.2004 «Қазақстанның Қарулы Күштері мен Ішкі әскерлері,шекарашылары лаңкестік әрекеттерге қарсы күреске әрқашан дайын болулары керек».

Сарышаған әскери полигонында өткен «Сарыарқа-2004» оқу-жаттығуынан кейін Қазақстан Республикасының Президенті, ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

14.04.2004 Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысының алаңы 500 мың шаршы метрге ұлғаяды

Бұл туралы ҚР Үкімет басшысы Даниал Ахметов сәуірдің 14-і күні өткен Үкімет мәжілісінде айтты.

14.04.2004 Үкіметте Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды.

Сәуірдің 14-і күні Премьер – Mинистр Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үкімет отырысында талқыланған Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы Үкімет мүшелері тарапынан мақұлданып, екі күн мерзім ішінде Президент Әкімшілігіне жіберілетін болды.

14.04.2004 Үкіметте білім беру жүйесін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Білім және ғылым министрлігінің басшылығы Үкімет басшысын білім және педагогикалық ғылым саласындағы бағдарламалық міндеттерді іске асыруға қажетті қаражат жайынан хабардар етті.

14.04.2004 Үкімет басшысы Д.Ахметовтың Ақтөбе облысына сапары аяқталды.

Ақтөбеде өткен аймақтық форуммен тұспа-тұс облыс құрылыс индустриясы кәсіпорындарының көрмесі ашылды. Бұл жерден Ақтөбе қаласының “Елек” жаңа шағын ауданының іргетасы қаланбақ.Премьер-Министр “Елек” жаңа шағын ауданының жоспарымен танысты.Үкімет басшысы арнайы жұмысымен танысқан “Спарта” ағаш өңдеу комбинаты соңғы үлгідегі неміс құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған.

14.04.2004 Ақтауда Теңіз сауда айлағын кеңейту мәселелері талқыланады

Сәуірдің 14-інде Қазақстанның вице-премьері Сауат Мыңбаев Ақтауда жұмыс бабындағы сапармен болады.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS