Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар

Жаңалықтар

14.04.2004 Қазақстанға жұмыс бабындағы сапармен Мысыр Араб Республикасының делегациясы келеді

Махмуд Мохееддин Мараеның Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарының мақсаты – республиканың сот-құқықтық жүйесінің даму ерекшілігімен танысу, қазақстандық әріптестерімен іскерлік және достастық байланыстар орнату болып табылады.

13.04.2004 Ақтөбеде Қазақстанның бірінші аймақтық экономикалық форумы ашылады

Оған республика Премьер-Министрі Даниал Ахметов, Премьер-Министрдің орынбасары Сауат Мыңбаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова, Индустрия және сауда вице-министрі Әсет Исекешев, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері, Қазақстан Кәсіпкерлері форумының өкілдері және басқалар қатысады.

13.04.2004 Ақтөбеде бірінші аймақтық экономикалық форум ашылды

Форум жұмысына қатысқан Үкімет басшысы Даниал Ахметов өз сөзінде, форумға қатысушылардың алдында әлемдік тәжірибені мұқият зерттеп, өз қалаулары мен мүмкіндіктерін анықтау, одан әрі дамудың ең тиімді үлгісін мүлтіксіз тану міндеті тұрғанын атап көрсетті.

13.04.2004 Сарышағанда «Сарыарқа-2004» стратегиялық оқу-жаттығудың үшінші кезеңі өтеді

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін ұрыс қимылдарына даярлау жоспарына сәйкес сәуірдің 14-інде Сарышаған полигонында «Сарыарқа-2004» стратегиялық оқу-жаттығудың үшінші кезеңі өтеді. Оған Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

13.04.2004 Ауғанстан Президенті Хамид Карзай екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ауғанстан басшысы Хамид Карзайдың кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастық пен әлемдік саясаттың өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде. Екі мемлекет басшыларының келіссөздері барысында сауда-экономикалық қатынас пен аймақтық қауіпсіздікті жандандыру мәселелері басымдықты тақырып болмақ

12.04.2004 Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.Школьник бастаған қазақстандық делегация ресми сапармен Пекинде жүр.

Сәуірдің 12-сінде Владимир Школьниктің Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының президенті Ма Фуцаймен және Барлау және өндіру жөніндегі Қытай мұнай-газ компаниясының бас директоры Ван Дунцзинмен кездесулері жоспарланған.

12.04.2004 Астанада Елбасының қатысуымен Мемлекеттік кадр саясатының мәселелеріне арналған республикалық кеңес ашылды

Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер-Mинистр Даниал Ахметов қатысуда.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS