Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар

Жаңалықтар

12.04.2004 Вице-Премьер А.Есімовтың төрағалығымен өткен кеңеске Астана,Алматы қалаларының,облыстардың әкімдері қатысты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов, Индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова баяндама жасады.

12.04.2004 Елбасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қайролла Ережеповты қабылдады

Мәжіліс депутаты әңгіме барысында Елбасына өзі басқаратын «Отан» партиясы парламенттік фракциясының қызметі, әлеуметтік заңнамаға түзетулер топтамасын қабылдау жөніндегі бірлескен парламент-үкіметтік комиссияның жұмыс барысы туралы әңгімелеп берді

12.04.2004 Үкімет басшысы Д.Ахметов сәуірдің 13-і күні жұмыс сапарымен Ақтөбеге барады

Үкімет басшысы Аймақтық экономикалық форум жұмысына қатысады деп күтілуде. Ал, түстен кейін бірқатар нысандарды аралайды. Атап айтқанда, “КТП” жабық акционерлік қоғамы тұрғызып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысады.

12.04.2004 Астанада Елбасының қатысуымен Мемлекеттік кадр саясатының мәселелеріне арналған республикалық кеңес ашылды

Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер-Mинистр Даниал Ахметов қатысуда.

12.04.2004 Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.Школьник бастаған қазақстандық делегация ресми сапармен Пекинде жүр.

Сәуірдің 12-сінде Владимир Школьниктің Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының президенті Ма Фуцаймен және Барлау және өндіру жөніндегі Қытай мұнай-газ компаниясының бас директоры Ван Дунцзинмен кездесулері жоспарланған.

12.04.2004 Үкімет басшысы Д.Ахметовтің төрағалығымен Үкіметте кеңес өтті.

Үкіметте Премьер-Министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мәтінінің соңғы нұсқасы бойынша жұмыс қорытындыланды.

12.04.2004 Мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктерін ажыратуға байланысты 150-ден астам заңға өзгеріс енгізіледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы сәуірдің 12-сі күні өткен мемлекеттік кадр саясатына арналған республикалық кеңесте мәлім етті

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS