ҚР Орталық сайлау комиссиясы қазанның 4-інде өткен ҚР Парламент Сенаты депутаттары сайлауының ресми қорытындыларын жариялап, сайлауды өтті деп тану туралы қаулы қабылдады
Қазанның 7-cінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы қазанның 4-інде өткен ҚР Парламент Сенаты депутаттары сайлауының ресми қорытындыларын жариялап, сайлауды өтті деп тану туралы қаулы қабылдады.
«ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес және қазанның 4-інде өткен ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға байланысты дауыстарды санаудың нәтижелері туралы аймақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы арнайы қаулы қабылдайды. Бұл қаулы бойынша ҚР Парламенті Сенатының сайлауын өтті деп танылады», деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.
Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша: Ақмола облысынан – Жалмағанбетова Светлана Жақияқызы; Ақтөбе облысынан – Әміров Иран Әмірұлы; Алматы облысынан – Сүлейменов Нұрлан Ілиясұлы; Атырау облысынан – Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы; Батыс Қазақстан облысынан – Мұхаев Ерболат Рахметұлы; Маңғыстау облысынан – Бортник Михайл Михайлович; Жамбыл облысынан – Савченко Александр Георгиевич; Қарағанды облысынан – Кубайчук Юрий Алексеевич; Қызылорда облысынан – Баймаханов Қожахмет; Қостанай облысынан - Уәлиев Хусайн Қасенұлы; Оңтүстік Қазақстан облысынан – Рахменбердиев Орынбай; Павлодар облысынан – Жұмабаев Ермек Жианшыұлы; Солтүстік Қазақстан облысынан - Башмаков Анатолий Афанасьевич; Шығыс Қазақстан облысынан – ПлотниковСергей Викторович; Астана қаласынан – Омаров Қайсар Оспанұлы; Алматы қаласынан – Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы Парламент Сенатының депутаты болып саналады.
Сайлауға қатысты күнтізбелік жоспарда белгіленген шара бойынша ОСК 2008 жылғы желтоқсанның 9-ында сайланған депутаттарды ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ретінде тіркеуден өткізеді.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |