ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрінің орынбасары Күләш Шәмшидинова баяндама жасады
Бүгінгі таңда республикамызда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 17 мың 486 бала білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау жүйелерінің мекемелерінде тәрбиеленуде. Бұл туралы қазанның 8-інде ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында баяндама жасаған Білім және ғылым министрінің орынбасары Күләш Шәмшидинова мәлім етті.
«Жетім балаларға арналған ұйымдардың қызметі бір ғана мақсатқа – олардың тән мен жан саулығын сақтап, нығайтуға, түрлі қызметтер көрсетуге бағытталған. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бұл ұйымдарда болуы отбасының, жақын адамдарының жоқтығынан олардың бойында кембағалдық стандарттарды қалыптастырады. Осыны ескере отырып, Қазақстанда отбасылық жағдайларға барынша жақындатылған мекемелер жүйесі дами бастады. Қазіргі кезде республикада 22 үлгідегі отбасылық балалар үйі, 9 отбасылыққ үлгідегі балалар ауылы, оның ішінде 3 «SOS KINDERDORF INTERNATIONAL» балалар ауылы бар. Бұларда 300-ге жуық бала тәрбиеленуде», деді К. Шәмшидинова.
Оның айтуынша, республикамызда құрылып жатқан SOS балалар ауылдарының негізгі мақсаты ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың отбасы жылуын сезінуіне жағдай жасау болып табылады. Сонымен бірге, бүгінде әлемнің барлық құрлықтарында SOS балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлері құрылып, оларда 65 мыңнан астам жас жеткіншек тәрбиеленуде.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |