Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Аймақтар > 2008 > Қазан > Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Біріккен Араб Әмірлігінің президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахайян қорының атқарушы директоры Мохаммед қажы Әл Хуримен кездесті

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Біріккен Араб Әмірлігінің президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахайян қорының атқарушы директоры Мохаммед қажы Әл Хуримен кездесті

Қазанның 8-інде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахайян қорының (Қордың) атқарушы директоры Мохаммед қажы Әл Хуримен кездесті.
Тараптар Қордың Қазақстандағы инвестициялық жоспарын одан әрі іске асыру мәселесін талқылады.
«Біз біздің елдердің Президенттері арасындағы келісімдерге сәйкес Қазақстандағы өз қызметімізді жүзеге асырамыз», деп атап өтті М. Әл Хури.
Ол Қор Астана қаласында жаңа мектеп құрылысын бастайтынын және Шымкент қаласында 120 орынды аурухана құрылысының жобасын іске асыратынын мәлімдеді.
Бұдан басқа, әлемдегі ең ірі мешіттің бірінен саналатын, 5 мың адамға арналған мешіт Қазақстанда салынатын болады. «Бұл шейх Халифа Бен Заид Әл Нахайянның Қазақстан халқына тартуы», - деді Мохаммед қажы Әл Хури.
Кездесудің соңында тараптар ынтымақтастықтықтың алдағы уақытта тығыз орнығуына, сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатнастардың дамуы мен нығая түсетініне сенім білдірді.


Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS