ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды
Министр Н. Ысқақов Ақсу ферроқорытпалар зауытында болып, кеңес өткізіп, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаментіне кәсіпорындармен табиғат қорғау шараларын орындау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық топты бастап қазанның 10-11-і күндері Павлодар облысында болды.
Министр Ақсу ферроқорытпалар зауытында болып, кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша ол ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаментіне кәсіпорындармен табиғат қорғау шараларын орындау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Н.Ысқақов сондай-ақ Баянауыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Оның барысында Н.Ысқақов Елбасының экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, өткен жылы әлемдік стандарттарға сай қабылданған Экологиялық кодекс өміршеңдігін көрсетті. Сондай-ақ Кодекске түзетулер жобасы әзірленген, ол Қазақстан Президентінің елімізге экологиялық қауіпті технологияларды, техниканы, жабдықтарды әкелуге тыйым салу жөніндегі тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Парламентте талқыланып жатқан жаңа Салық кодексінде әлемдік тәжірибеге сай келетін, еліміздің барлық аймақтары бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем төлеудің бірыңғай есептемелері енгізілетін болады. Министрлік сонымен қатар өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқарудың ұлттық орталығын құру жөнінде ұсыныс әзірлеуде.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |