Ақмола облысына іссапармен келген ҚР Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Республикалық ақпараттық-насихат тобының құрамында Степногор қаласында болып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы турасында ойымен бөлісіп, тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады
Ақмола облысына іссапармен келген ҚР Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Республикалық ақпараттық-насихат тобының құрамында Степногор қаласында болып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы турасында ойымен бөлісіп, тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Вице-министр Степногор қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорттық мектеп-интернатта жас буынды тәрбиелеу ісімен, алдағы бағыт-бағдарларымен танысты. Біліктілер мен мықтылар мекенінде өңірдің әр түкпірінен қабылданған 232 балғын шеберліктерін шыңдап, білімдерін жалғастыруда. Балғындар тәрбиесіне 35 білікті ұстаз тартылған. Жалпы орта біліммен бірге спорттың тоғыз түрінен дайындық жүргізіледі. Бес кабинетте балалар денсаулығы тиянақты бақылауға алынған. Алда он жылдығын атап өткелі отырған білім мен спорт шаңырағында күрестен еліміздің бес чемпионы дайындалған. Ал ауыр атлетші Ирина Некрасова Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Қ. Өскенбаев кездесу барысында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы турасында ойымен бөлісті. Вице-министр:«Жылдың маңызды құжатында бес басым бағыт айқындалған. Соның ішінде Елбасы спорттың жаппай сипат алуына ерекше ден қойып, баршамызға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Ертеңгі болашағымыз - жас буынды тәрбиелеу ісіне мемлекеттік маңызда назар аударылуда. Әр ауданда жалпы сомасы 300 миллион теңге төңірегінде спорт кешенін салу жоспарлануда. Мұның өзі спорттың қоғамдық сипат алуына себепкер болмақ. Сонымен бірге туризмді дамыту, оның алғы шарттарын бүгіннен іске асыру, мейманханалар мен жол бойы сервисін жақсартуға ерекше мән беріліп отыр. «Бурабай» спорт кешені салынды. Бурабай баурайында ауыз су, коммуналдық инфрақұрылым шешімін тапқан», деді. Кездесу барысында туындаған сауалдардың дені спортшыларды толыққанды тамақтандыру, еңбекақы мен зейнетақыны өсіру, мектеп-интернаттың матриалдық жағдайын одан әрі жақсарту төңірегінде өрбіді. Мейман «Степногор подшипник зауыты» акционерлік қоғамында жұмысшылармен жүздесіп, Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, сауалдарына жауап қайтарды.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | |||
| 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
| 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
| 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |