Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Қоғам > 2008 > Қазан > Астанада Қазақстанның қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиында ҚР Ішкі істер вице-министрі Қалмұхамет Қасымов криминалдық полиция қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады

Астанада Қазақстанның қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиында ҚР Ішкі істер вице-министрі Қалмұхамет Қасымов криминалдық полиция қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады

Қазанның 4-інде Астанада Қазақстанның қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиын болып өтті. Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы Ішкі істер департаменттерінің криминалдық полициясы және ІІД-нің көліктегі криминалдық полициясының бір топ қызметкері «Қазақстанның қылмыстық іздестіру қызметіне 90 жыл» мерейтойлық төсбелгілермен және құрмет грамоталармен марапатталды.
 
Криминалдық полиция қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаған ҚР Ішкі істер вице-министрі Қалмұхамет Қасымов: «Қылмыстық іздестіру қызметінің тарихы - өз тағдырын аса ауыр да абзал мамандықпен ұштастырғандардың тарихы. Қылмыскерлермен күресу жолында олардың күнделікті өмірі ерлікке, қаһармандық пен қауіпке толы. Бүгінде қылмыстық іздестіру қызметі ішкі істер органдары жүйесінде негізгі буын болып отыр. Жедел қызметкерлер – жоғары шеберлігі мен ерік-күші мол, азаматтар мен мемлекетті қорғауға кез-келген уақытта дайын тұрған кәсіби маман иелері», - деп атап өтті.
 
Ішкі істер министрінің мадақтауына криминалдық полицияның, ұйымдасқан қылмысқа, сепаратизмге, экстремизмге, криминалдық
лаңкестікке қарсы күрес бөлімшелері мен жол полициясы жедел-іздестіру қызметінің 208 қызметкері ие болды. 
 

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS