Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кәрім Мәсімов ҚР кәсіподақтар Федерациясының өкілдерімен кездесті
Қазанның 6-сында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кәрім Мәсімов ҚР кәсіподақтар Федерациясының өкілдерімен кездесті.
Кездесуге салалық кәсіптік одақтардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу, сондай-ақ, кәсіптік одақтардың орталық және жергілікті органдармен өзара қарым- қатынасын күшейту мәселелерін талқылады.
Тараптар үйлесімді диалог құру жолында өзара түсіністік және ортақ шешімдер дайындаудың маңызы зор екеніне тоқталды.
ҚР Кәсіподақ Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев әлеуметтік- экономикалық блок мәселелерін қарау барысында кәсіподақ өкілдерін де жиі тарту қажеттігін атап өтті.
Федерация жетекшісі кездесуге қатысушыларды жұмыс берушілердің еңбеккерлердің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға арналған және кәсіпорындар мен ұйымдарда кәсіподақ қозғалысын кеңейтуді көздейтін «Ұжымдық шарт бекітіңіздер!» деп аталатын акцияның жай-жапсары жөнінде таныстырды.
Премьер-Министр еліміздегі ағымдағы экономикалық жағдай туралы айта келе, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақыларын 2009 жылы 25%, 2010 жылы 25%, 2011 жылы 30% көтеру туралы жоспардың орындалуына кепілдік беретінін айтты.
К.Мәсімов кәсіптік одақтардың орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен қарым- қатынасты дамыту тәжірибесін жалғастыру керектігін атап өтті.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |