Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Қоғам > 2008 > Қазан > ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшелері «Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысымен танысып,көшпелі отырыс өткізді

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшелері «Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысымен танысып,көшпелі отырыс өткізді

Бағдарламаның алғашқы кезеңінің қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М. Оразаев пен Білім және ғылым вице-министрі Ф. Қуанғанов баяндап берді.

Аграрлық реформа мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы заңдылықтарды жетілдіру жұмысы аясында ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшелері Астананың жасыл белдеуі аймағында көшпелі отырыс өткізді.
 
Депутаттар нақты жұмыс жасалып жатқан аймақты аралап, «Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысымен танысты. Бағдарламаның алғашқы кезеңінің қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М. Оразаев пен Білім және ғылым вице-министрі Ф. Қуанғанов баяндап берді. М. Оразаевтың айтуынша, бағдарлама аясында 2005-2007 жылдары бірінші кезекте тиісті заң-нормативтік базаны жетілдіру жұмыстары қолға алынған.
 
«Алғашқы кезеңде әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетіне қарасты мекемелер барлығы 109 мың гектар жерге (оның ішінде 15,0 мың гектар Астананың маңында) 25 миллион түп ағаш отырғызды. 2005-2007 жылдары бағдарлама 25,3 миллиард теңге сомасында қаржыландырылды», деді вице-министр.
 
Ал Білім және ғылым вице-министрі Ф.Қуанғанов министрліктің «Жасыл ел» бағдарламасын іске асырудағы рөлі туралы баяндап берді.
 
2007 жылдың қазан айында ҚР Үкіметі 2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекітті. Оған сәйкес 145,0 мың гектар жерге (оның ішінде Астана қаласының маңында 15,0 мың гектар) орман отырғызу жоспарланған. 12 мың жасты тарта отырып 3 жылдың ішінде 13 миллион түп жас көшет отырғызылатын болады. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық базаларын нығайту үшін жыл сайын 83,0 миллион теңге бөлініп отырады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS