Астанада қоршаған орта сапасын тұрақтандыру жөніндегі комиссияның отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов сөз сөйледі
Астанада қоршаған орта сапасын тұрақтандыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиын барысында Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдерінің орынбасарлары кәсіпорындар аумағындағы ластанған жерлерді тазарту, тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесіне байланысты баяндама жасады.
«Ведомствоаралық комиссия құрамында тиісті органдардың мүшелері бар. Осыған орай комиссия аясында барлық облыстар бойынша тексерулер жүргізу шарт. Атап айтқанда, елімізде коммерциялық маңыздағы қалдықтар бар және бұл қалдықтар заңсыз пайдаланылуда. Осыған байланысты тиісті шешім қабылдау керек», - деді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов.
Министр мал өлекселері көмілген және қордаланып қалған жарамсыз тыңайтқыштарға қатысты, сондай-ақ медициналық қалдықтарға байланысты мәселелер туындап отырғандығын айтып өтті.
«Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау министрліктері мен әкімдіктердің, сондай-ақ комиссия мүшелерінің қатысуымен аталған қалдықтар бойынша кешенді тексерулер жасап, осы қалдықтардың иесін тауып, экологияға, халыққа келіп жатқан зиянды анықтауымыз қажет»,- деді министр.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |