ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) заң жобасын тұжырымдамалы түрде бірінші оқылымда мақұлдады
Елбасының ағымдағы жылғы Жолдауына сәйкес әзірленген кодекс жобасын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды
Қазанның 8-інде өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) заң жобасын тұжырымдамалы түрде бірінші оқылымда мақұлдады.
Аталған кодекс жобасы Елбасының ағымдағы жылғы Жолдауына сәйкес әзірленген. «Мемлекет басшысы экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға, бизнестің көлеңкеден шығуына ықпалын тигізетін жаңа Салық кодексін әзірлеу міндетін қойған болатын. Осы міндетті іске асыру барысында жаңа Салық кодексі бірқатар басымдықтарды көздеп отыр. Атап айтқанда, жобада тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жалпы ауыртпалықтарды төмендету және тұтастай алғанда экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жағдай қалыптастыру шаралары қамтылады. Сонымен бірге, жоба бойынша салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру мәселелері де көзделеді», деді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, кодекс жобасында экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық ауырпашылықтарды жеңілдету мақсатында үш жыл ішінде корпоративтік табыс салығын екі есеге дейін төмендету көзделеді. Аталған салық түрін 2009 жылы 20 пайызға, 2010 жылы 18,5 пайызға, 2011 жылы 15 пайызға азайту қарастырылады. Бұндай салықтық төмендету қосымша қаржыландыру көздерін құрып, шикізаттық емес секторда 30 млрд. теңгеге дейін инвестициялық мүмкіндікті кеңейтуге жағдай қалыптастыратын болады.
«Корпоративтік табыс салығын төмендетумен қоса, инвестициялық салықтық преференциялар алу тәртібі оңтайландырылады. Бұл сұрақты талқылау барысында депутаттар тарапынан инвестициялық преференциялар ұсынуға жататын экономика секторын кеңейте түсу мәселесі көтерілген болатын. Өз кезегінде Мәжілістегі Үкімет сағатында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов депутаттар талабымен келісе отырып, экономиканың барлық шикізаттық емес секторына инвестициялық жеңілдіктер жасауды қолдады. Бұл инвестицялық салықтық преференцияларға еркін қолжетімділік қалыптастырып, инвесторлардың қалың тобына жағдай жасайды», деді Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, кодес жобасында шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібін жетілдіру шаралары да қамтылаған. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қатысты өзгерістер де жобада қарастырылып отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында жер учаскелерінің аумағына байланысты 0,1-ден 0,5 пайызға дейінгі ставкалардың прогрессивті шәкілін енгізу ұсынылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілер үшін қосымша құн салығын 70 пайызға дейін азайту ұсынылады.
Сондай-ақ, жоба бойынша салық салу мәселелері жөнінде Консультациялық кеңес құру көзделеді.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |