Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Қоғам > 2010 > Наурыз > Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанда 2010 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға өскендігін айтты

Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанда 2010 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға өскендігін айтты

Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанда 2010 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға өскендігін айтты.
Азық-түлік таураларының бағасы - 2,4 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 0,7 пайызға, ақылы қызмет көрсетулер - 3,5 пайызға өскен. Ал, өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорынлдардың бағалары 2010 жылғы ақпанда 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,1 пайызға артқан.


2010 жылдың ақпанында жұмыссыздардың саны 552,7 мың адамды құрады.
Экономикалық белсенді халық санына қарағанда жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызға жетті. Атап айтқанда, биылғы жылғы ақпанның аяғында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің саны 73,2 мың адамды құрады.
Сонымен қатар 2010 жылдың қаңтарында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 66 674 теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда өсім 8,6 пайызға жетті.


Баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 5 млрд. 730,6 млн. теңгені құрады, сөйтіп 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 31 пайызға өскендігін хабарлады.
Оның айтуынша, сыртқы сауда айналымының ішінде экспорт 4 млрд. 259,4 млн. теңгені құрап, 66,2 пайызға өссе, импорт 1 млрд. 471,2 млн. теңгені құрап, 18,7 пайзыға азайған. «2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек сауда тауар айналымы - 428 млрд. 897,7 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті. Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы - 852 млрд. 108,6 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 11,9 пайызға артты», деді Ә.Смайылов.

ҚазАқпарат

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Шілде  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz