Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Қоғам > 2010 > Наурыз > Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Нүсіпова Қазақстан дамыған елдердің тәжірибесінде табысты жұмыс жасап келе жатқан көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға талпыныс жасап отырғандығына тоқталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Нүсіпова Қазақстан дамыған елдердің тәжірибесінде табысты жұмыс жасап келе жатқан көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға талпыныс жасап отырғандығына тоқталды

Наурыздың 11-інде Астанада «МЗЖҚ» (ГНПФ) жинақтаушы зейнетақы қорының жеке қызмет көрсету орталықтары ашылды.
ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов орталықтарды құру салымшылар мен зейнетақы қоры арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге бағытталған қадам болып отырғандығын атап өтті.
Орталықта зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімшарт жасасу, жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттар беру, зейнетақы төлемдерін тағайындау және зейнетақы қаражатын аударуға өтініштер қабылдау сияқты қызметтердің толық құрамын көрсетеді. Бұдан басқа, МЖЗҚ-ның білікті мамандары барлық сұрақтарға жауап беруге және қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектесу жұмыстарын ұсынады.
Астанада 100-ге тарта осындай орталықтар ашылды. Алматы және басқа да өңірлерде филиалдардың жанынан құрылған.
Біздің елімізде 14-ке тарта зейнетақы жинақтаушы қоры жұмыс жасап келеді. Олардың салымшыларының жалпы саны шамамен 7,5 млн адамды құрап отыр. Ал олардың жалпы зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 трлн. теңгеге жеткен. «МЗЖҚ» жинақтаушы зейнетақы қорының 1,7 млн. салымшысы бар. Таза зейнетақы активтерінің сомасы - 300 млрд. теңгеге жетті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпованың айтуынша, Қазақстан дамыған елдердің тәжірибесінде табысты жұмыс жасап келе жатқан көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға талпыныс жасап отыр. Осы орайда зейнетақы жинақтаушы қорларының жемісті қызметі соның бір дәлелі.
«Біз зейнетақы жүйесінің жеткен деңгейін ары қарай дамытуға арналған реформаларды қош көреміз, сондықтан министрлік осындай жаңашылдықтарға қолдау көрсетуге дайын», деді Ә. Нүсіпова.

ҚазАқпарат

 

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Шілде  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz